Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 наурызы мен 1 сәуір күндері аралығында Өскемен қаласында мини-футболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтеді.
Негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Жарыс ұлдар және қыздар арасында командалық түрде өтеді.
Команданың сандық құрамы: 12 қатысушы, 2 өкіл жаттықтырушы. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары осы жарыстарға қатысуға жіберілмейді.
Жарыс екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – мектепішілік, аудандық (қаңтар - ақпан);
2 кезең – облыстық (28 наурыз - 1 сәуір, Өскемен қ.).
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және аймақтық бас дәрігердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет.
Командалардың мини-футболдан облыстық жарысқа қатысқанын растау (Қосымша №1), мектепішілік, аудандық кезең бойынша есеп (Қосымша № 2) 2022 жылдың 17 наурызы сағат 10.00-ге дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына, тел.: 8(7232)75-15-53, е-mail: vk_ocfk@mail.ru ұсынылады.
Жарыстың облыстық кезеңіне қатысуға дәрігермен куәландырылған, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған өтінім жарыс өткізілетін жерге келгеннен кейін мандаттық комиссияға тапсырылады (Қосымша №3).
Өтініммен бірге мандаттық комиссияға ұсынылады:
1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
2) спортшының осы оқу орнына, спорт мектебіне тиесілігін растайтын фотосуреті бар сканерленген жеке карточкасы (Қосымша №4);
3) қатысушыға сақтандыру полисі.