Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Форумға 122 аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Форумға қатысушылардың жас мөлшері: 11-17 жас.
Форум 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Осындай мамандық бар» – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың презентациялар байқауы;
2) «Мамандықты таңдайтын уақыт» – видеовлогтар байқауы (бейне әңгіме);
3) «Менің кәсібім - менің бизнесім» – бизнес-жоспардың жобасын қорғау байқауы;
4) «Мамандық кеше, бүгін, ертең» - вайндар байқауы.
Форумның қорытындысы бойынша 45 жеңімпаз анықталды: I орын – 10, II орын – 12, III орын – 23. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!