+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
09 Нау, 17:01

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 3-5 наурыз аралығында Өскемен қ. облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.

Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз 33 оқушысы қатысты.

Команда құрамы: 3 ұл, 3 қыз.

Жекелей есепте жүлделі орынға ие болғандар:

Ұлдар арасында:

1 орын – Оралханов Ернур, 9 сынып оқушысы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы;

2 орын – Оралханов Арнур, 9 сынып оқушысы, ««№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы;

3 орын – Қуандыков Бекасыл, 10 сынып оқушысы, «Кәкен Аханов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.

Қыздар арасында:

1 орын – Кальтенбергер София, 7 сынып оқушысы, "№7 орта мектебі" КММ, Өскемен қаласы;

2 орын – Жексембаева Динара, 11 сынып оқушысы, КММ «Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақшасы», Үржар ауданы;

3 орын – Болатова Мөлдір, 9 сынып оқушысы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Өскемен қаласы.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Ұлдар арасында:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Ұлан ауданының құрама командасы;

3 орын – Үржар ауданының құрама командасы.

Қыздар арасында:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Үржар ауданының құрама командасы;

3 орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы, Өскемен қаласы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!