+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
09 Нау, 16:57

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 28 ақпан мен 4 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының жарысы өтті.

Жарысқа 109 оқушыны қамти отырып, аудан/қалалардың (ұлдар мен қыздар) құрама командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинация бойынша үздік ойыншылар:

Үздік қорғаушы -  Ишмуратов Ильяс, 8 сынып оқушысы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы; Кирюхина Анастасия, 8 сынып оқушысы, «№30 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы.

- Үздік шабуылшы Цыбульский Александр, 11 сынып оқушысы, «М. Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы; Кирикбаева Молдир, 9 сынып оқушысы, «№1 Белоусовка орта мектебі», Глубокое ауданы.

- Үздік орталық ойыншы - Исмаилов Махамбет, 11 сынып оқушысы, «Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі» КММ, Өскемен қаласы; Здорова Олеся, 9 сынып оқушысы, «№37 көпбейінді орта мектеп», Өскемен қаласы.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы;

3 орын – Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің командасы.

Қыздар:

1 орын – Глубокое ауданының құрама командасы;

2 орын – Үржар ауданының құрама командасы;

3 орын – Өскемен қаласыныңқұрама командасы;

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!