+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп психологтарының «Qabilet» қызметі бойынша облыстық семинарының қорытындысы
02 Нау, 18:34

«Ел үміті» бастамасы аясында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мектеп психологтарын 10-11 жастағы мектеп оқушыларының қабілеттерін диагностикалау және нәтижелерін талдау әдістеріне үйрету, 1-ші қадамды жүзеге асыру, сондай-ақ дарынды балалардың зияткерлік және тұлғалық әлеуетін іске асыру, сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру мақсатында, 2022 жылғы 2 наурызда «Qabilet» қызметі базасында мамандандырылған мектеп педагог-психологтарына арналған облыстық семинар өтті.

«Qabilet» қызметінің психологтары семинар қатысушыларын қызмет жұмысының теориялық және әдістемелік бөлімімен, қабілеттерді диагностикалаудың белгілі және авторлық әдістерімен және нәтижелерді түсіндіру әдістерімен, сондай-ақ оқушының жеке кабинетінде жұмыс істеу нұсқаулығымен таныстырды.

Қатысушылар семинардың әдістемелік пайдалылығын атап өтіп, алдағы семинарларға өз ұсыныстарын білдірді.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға семинарды аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.