+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұрасына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілген облыстық интернет-байқауының қорытындысы
02 Нау, 17:47

Оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші отанын сүюге баулу мақсатында 2022 жылдың 24 – 25 ақпаны аралығында «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілген облыстық интернет-байқауы өтті.

Байқауға іріктеу кезеңдерінен өткен облысымыздың жалпы білім беретін мектептері және мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 7 – 9 сынып оқитын 78 оқушысы қатысты.

Байқаудың номинациялары:

- «ТМД: тарихи естелік және жаңа ұрпақ. Тарихи очерк» номинациясы тарихи очерктер байқауы;

- «Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: Достастықтың мәдени мұра нысандары» номинациясы - туған өлкені зерттеу, өлкетану материалдарын жинақтау және жүйелеу, ТМД мәдени мұра объектілерінің
карта-плакатын жасау;

- «Халық шығармашылығы көрмесі» номинациясы - табиғи материалдан жасалған бұйым (саздан жасалған бұйым-ұсақ пластик, рельеф, горельеф, пласт, плакетка, медаль, қыш ісі, тал шыбығы және жүзім бұтағы, қарағай тамыры, шөп, қайың қабығы, жоңқа), «ою» және «сурет салу» (ағаш, мата, шыны, металл бойынша), кесте, шілтер тоқу, тоқыма, жамылғы пластикасы, ленталармен кестелеу, моншақ (панно, картиналар), бисермен өру (әйелдер әшекейлері) және т.б.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша 40 қатысушы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде І дәрежелі дипломмен 9 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 13 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды (Қосымша 1). Қатысқан оқушыларға сертификаттар табысталатын болады.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз, және алдағы уақытта табыс тілейміз!