2012 жылдың 5-10 қараша аралығында Астана қаласында 8 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Зияткерлер» бейіндік ауысымы өткізіледі.
Бейіндік ауысымның өткізілу мақсаты - дарынды балаларды анықтау, лингвистика саласындағы ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын және танымдық белсенділігін дамыту.
Бейіндік ауысым шеңберінде оқушыларға Астана қаласының көрнекті-мәдени орындарымен танысу қарастырылған.
Осыған орай, ауысымға қатысу туралы сұранысты қосымшада көрсетілген үлгі бойынша 2012 жылдың 10 қазанына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Оқушылардың және жетекшілердің іссапар шығындары бағыттаушы білім бөлімдерінің, демеушілердің, ата-аналардың есебінен төленеді.
Қосымша:
|
Аты-жөні (құжатына сәйкес, толығымен) |
Мектебі |
Сыныбы |
Оқу тілі |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
Ұйымдастыру жарнасы – 40000 теңге (жатын орны, тамағы, сабақтар, сабақтан тыс оқулар, мәдени-танымдық экскурсиялар, ғимаратты жалға алу шығыны және т.б.) және жол шығындары – 10000 теңге.
Ескерту: қатысушылар өздерімен жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі, эпид ортасы туралы анықтама, бассейнге баруға қажетті заттарды алуы қажет.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
Өскемен қ, Қабанбай батыр көшесі 74, тел: 8 (7232) 700-244 факс 700-532