+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының Қазақ күресі бойынша ХІ жазғы Гимназиадасын өткізу туралы ақпарат
01 Нау, 16:08

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 9 – 11 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының Қазақ күресі бойынша ХІ жазғы Гимназиадасы өтеді.

Мақсаты-дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Жарыс қыздар және ұлдар арасында өткізіледі.

Командалардың сандық құрамы:

- 9 ұл, 1 бапкер-өкіл;

- 6 қыз, 1 бапкер-өкіл.

Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары осы жарыстарға қатысуға жіберілмейді.

Жарыс екі кезең бойынша өткізіледі:

1 кезең – мектепішілік, аудандық және қалалық (қаңтар-наурыз);

2 кезеі – облыстық (9-11 наурыз, Өскемен қ.).

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және аймақтық бас дәрігердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет.

Командалардың Қазақ күресінен облыстық жарысқа қатысқанын растау (Қосымша №1), мектепішілік, аудандық кезең бойынша есеп (Қосымша № 2) 2022 жылдың 2 наурыз күні сағат 10.00-ге дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына, тел.: 8(7232)75-15-53, е-mail: vk_ocfk@mail.ru ұсынылады.

Жарыстың облыстық кезеңіне қатысуға дәрігермен куәландырылған, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған өтінім жарыс өткізілетін жерге келгеннен кейін мандаттық комиссияға тапсырылады (Қосымша №3).

Өтініммен бірге мандаттық комиссияға ұсынылады:

1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);

2) спортшының осы оқу орнына, спорт мектебіне тиесілігін растайтын фотосуреті бар сканерленген жеке карточкасы (Қосымша №4);

3) қатысушыға сақтандыру полисі.

4) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы