Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 14 – 18 наурыз күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық Мектеп лигасы өтеді.
Жарыстың басты мақсаты оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына шақыру.
Жарысқа 7-11 сынып аралығында (7-8 сыныптар, 9-11 сыныптар) оқитын ұлдар және қыздар топтары қатыса алады. Топтың құрамы бір мектепте оқитын 12 қатысушы және 1 жаттықтырушы-өкілден тұрады.
Жарысқа мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Ережеге сәйкес талаптарды бұзбаған жағдайда, өздері оқитын мектептің атынан қатыса алады.
Мектеп лигасына балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің, мамандандырылған спорт сыныптарының, спорт интернаттары мен академияларының топтары қатыса алмайды.
Жарыс үш кезеңнен тұрады:
1-кезең – мектепішілік іріктеу кезеңі (қаңтар – наурыз айлары);
2-кезең – аудандық/қалалық кезең (қаңтар – наурыз айлары);
3-кезең – облыстық кезең (14 -18 наурыз, Өскемен қаласы).
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін COVID–19 пандемия кезінде барлық қатысушыларға бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау қажет.
Баскетболдан облыстық жарысқа қатысуды растауды (Қосымша 1), 1-ші (мектепішілік) және 2-ші (аудандық/қалалық) кезеңдерді (Қосымша 2) өткізген туралы есепті 2022 жылдың 9 наурызы сағат 10:00-ге дейін Өскемен қаласы, Абай к-сі, 21, 302 кеңсеге, vk_ocfk@mail.ru электрондық поштасына ұсыну қажет.
Облыстық кезеңге қатысу туралы өтінімді дәрігер мен аудандық және қалалық білім беру бөлімдері басшыларының, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған күйінде жарыс өтетін жерге мандаттық комиссияға ұсынады.
Өтініммен бірге мандаттық комиссияға келесі құжаттар ұсынылады:
- Қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушының туу туралы куәлігі);
- оқу орынынан анықтама;
- қатысушының фотосымен бірге жеке карточкасы (Қосымша 3).