ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 – 8 сәуір күндері аралығында Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың 100 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында өтетін шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өтеді (бұдан әрі – Жұлдызша).
Турнирдің мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, бос уақытты ұйымдастыру және жас ұрпақтың денсаулығын нығайту.
Турнир үш кезеңде өткізіледі:
I кезең: мектепішілік жарыстар 2022 жылдың 5 наурызына дейін ашық хоккей қораптарында немесе жабық хоккей модульдерінде өткізіледі.
II кезең: аудандық/қалалық жарыстар 2022 жылдың 16 наурызына дейін ашық хоккей қораптарында немесе жабық хоккей модульдерінде өткізіледі.
ІІI кезең: облыстық турнирдің финалдық кезеңі 2022 жылдың 4-8 сәуір күндері аралығында Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «спорттың қысқы түрлері бойынша шығыс қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде» өткізіледі.
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай–ақ, пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық қатысушылар негізгі аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек. Жарыстарды өткізу барысында БМСДҚ және ШҚО БМСДҚ барлық талаптары сақталуы тиіс.
Жабық/ашық спорт объектілері аумағында жарыстар өткізу кезінде бір мезгілде екіден көп команданың қатысуына жол беріледі. Жарыстар көрермендерсіз өткізіледі.
«Жұлдызша» балалар-жасөспірімдер турниріне қатысуға жалпы білім беретін мектептердің балалар командалары жіберіледі, ойыншылардың жасы бір жас тобы бойынша айқындалады: 2012 т.ж. (ұлдар).
Командаға кіші топтың ойыншылары медициналық анықтама және нотариуспен куәландырылған екі ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана қатыса алады.
Команда құрамы: 17 адам, оның ішінде: 15 ойыншы, 1 жаттықтырушы, 1 өкілдік ұйым.
Турнирге арнайы спорттық сыныптардың оқушылары, мамандандырылған спорт мектептері, хоккейден мектеп-интернаттарда оқитын балалар, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Чемпионатына ойнайтын спортшылар қатыса алмайды.
Командалардың финалдық жарыстарға қатысуы туралы алдын ала растау (қалалардан/аудандардан қатысушылар саны) 2022 жылдың 25 наурызына дейін ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК, Өскемен қ., Абай даңғылы, 21, 3-қабат, e-mail: vk_ocfk@mail.ru мекенжайына ұсынылады.
Мектепішілік, аудандық/қалалық жарыстарға, сондай-ақ турнирдің финалдық бөлігіне өтінім құжаттарының пакеті тікелей Мандаттық комиссияның отырысына беріледі:
- туу туралы куәліктің көшірмесі;
- осы жарысқа команда жіберетін медициналық мекеме, ұйым куәландырған анықтама;
- команда өкілі ойыншыларға оқу орнынан мектеп директорының қолы қойылған фотосуреті бар анықтамаларды ұсынуы керек (мөр фотосуреттің бұрышында орналасуы керек).