+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Волейболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
28 Ақп, 17:33

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының жарысы өтті.

Жарысқа 204 оқушыны қамти отырып, аудан/қалалардың (ұлдар мен қыздар) құрама командалары қатысты.

Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинация бойынша Үздік ойыншылар:

Үздік ойыншы - Ерімханов Жүрсін, 11 сынып оқушысы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ, Тарбағатай ауданы; Егорова Варвара, 11 сынып оқушысы, «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, Өскемен қаласы.

Үздік либеро - Оралбеков Али, 11 сынып оқушысы, «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы; Лютикова Альбина, 11 сынып оқушысы, «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы.

Үздік шабуылшы - Тумешов Александр, 11 сынып оқушысы, «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы; Құрманова Аялы, 11 сынып оқушысы, «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, Үржар ауданы.

- Үздік үйлестіруші - Тұраров Ерасыл, 10 сынып оқушысы, «Бақыршық орта мектебі» КММ, Жарма ауданы; Мицих Сузанна, 11 сынып оқушысы, «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, Өскемен қаласы.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар:

1 орын – Көкпекті ауданының құрама командасы;

2 орын – Тарбағатай ауданының құрама командасы;

3 орын – Жарма ауданының құрама командасы.

Қыздар:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Көкпекті ауданының құрама командасы;

3 орын – Үржар ауданының құрама командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!