+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу қорытындысы
24 Ақп, 18:01

2022 жылдың 21-24 ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына қатысты.

Жыл сайынғы конкурс биылғы жылы еліміздің барлық өңірлерінен 749 оқушыны (597 ғылыми жоба) қамтыды.

Конкурсқа біздің облысымыздың оқушылары 4 бағыт бойынша жобалар ұсынды: «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процесстердегі математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі» және «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі «Түркістан» сарайында өтті. Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Т. Нуркешов конкурс қатысушыларына жылы лебізін білдірді. 

Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І-ші дәрежелі дипломымен және алтын медальдармен - 5, ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальдармен - 4, ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальдармен - 8 оқушы марапатталды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім гранты  8 жүлдегерге табыс етілді.

Республикалық конкурсты өткізу аясында мәдени-танымдық және спорттық бағдарлама дайындалды. Балалар Шымкент қаласының басты көрнекі жерлерін тамашалап, тарихи-мәдени көрме мен университетке экскурсия жасады.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта жеңістер мен табыс тілейміз!