2022 жылдың 15-23 ақпаны аралығында математика, физика және информатика пәндерінен XVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ғылыми білімді насихаттау және физика - математикалық мектептер арасындағы байланысты нығайту.
Халықаралық олимпиадаға 22 елден 1200-ге жуық дарынды оқушылар қатысты. Олимпиада теориялық және тәжірибелік екі турда өткізілді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша ІI дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушылары: Оралханов Дінмұхамед пен Мұхаметкәрім Қаныш марапатталды.
Оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!