Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында 2022 жылдың 16-18 ақпаны аралығында онлайн форматта тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы өтті.
Жарысқа аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, 5-11 сынып аралығында үш топ бойынша (5-6 сынып, 7- 8 сынып, 9-11 сынып), 110 оқушы қатысты.
Команда құрамы: 2 ұл, 2 қыз.
Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 12, ІІ дәрежелі дипломмен - 12, ІІІ дәрежелі дипломмен - 12 қатысушы марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей орналасты:
5-6 сынып
1 орын – Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
2 орын – Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Тасарық негізгі мектебі» КММ;
3 орын – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ.
7-8 сынып
1 орын – Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ;
2 орын – Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ;
3 орын – Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Тасарық негізгі мектебі» КММ.
9-11 сынып
1 орын – Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
2 орын – Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ;
3 орын – Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Облыстық кезең жеңімпаздары Ұлттық Мектеп лигасының Республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!