+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын өткізу туралы
23 Ақп, 16:30

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 10 наурызда «Ақ шағала» республикалық хореографиялық  фестиваль-байқауының (бұдан әрі – Фестиваль – байқауы) облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.

Фестиваль-байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.

Мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.

Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға өтінімдерді және http://www.youtube.com каналына орналастырылған бейне материалдар сілтемелерді rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2022 жылдың  4 наурызға дейін жіберуді сұрайды.