+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ережесі
23 Ақп, 16:08

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық  кезеңінің (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.   

1.2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

2. Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

3. Фестиваль-байқаудың міндеттері:

1) білім алушыларды хореография өнеріне, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметіне тарту, әлеуметтендіру;

2) би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;

3) балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне патриотизм, құрмет және ұқыпты қарау сезімдерін тәрбиелеу;

4) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибелерімен алмасу.

2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Фестиваль-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Фестиваль-байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Фестиваль-байқауды қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Фестиваль-байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Фестиваль-байқаудыңжұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы Фестиваль-байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

3.1. Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңі қашықтықтан 2022 жылдың 10 наурызында өткізіледі.

3.2. Фестиваль-байқауға қатысу үшін http://www.youtube.com каналына МР-4  форматты бейнематериалдарды орналастыру және  сілтеме арқылы сұраныс тапсырыру қажет.

3.3. Өтінімдер мен байқаудық жұмыстар (1-қосымша) қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған 2022 жылдың 4 наурызға дейін rhet-2018@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.

3.4. Өтінімге қоса тіркеледі:

1) қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж, тұған жылы, 2022 жылдың 1 наурыздағы толық жылы, сынып, оқу орны, үй мекенжайы, қатысушының телефоны, топты дайындаған мұғалімнің аты-жөні, ұялы телефоны, баланың әлеуметтік статусы);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың немесе туу туралы куәліктердің көшірмелері, мұғалімнің жеке куәлігі;

3) http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.

4. Фестиваль-байқауға қатысушылар

4.1. Облыстық Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық турдың жеңімпаздары қатыса алады.

4.2. Командаға қатысушылардың жалпы саны – 9 оқушылар.

4.3. Фестиваль-байқаудың карантин кезінде аймақтық кезеңдері облыстың бас санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін, адамдардың көп жиналуын болдырмауды сақтай отырып жүргізіледі;

4.4. Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та жариялауға құқылы.  

5.Фестиваль-байқаудың өткізу тәртібі және шарты

5.1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) халық биі және халықтық стильденген би:

             а) әлем халықтарының биі;

             б) қазақ биі;

2) заманауи би:

             а) эстрадалық би;

             б) аралас би.

Би ұжымдары әр номинацияда ұзақтығы 5 минутқа дейін бір конкурстық нөмірден ұсынады.

5.2. Бейнеролик сапалы, тоқтаусыз жазылуы керек. Бір роликпен тоқтаусыз, сапалы түрде бұрын жазылған дайын бейнені пайдалануға рұқсат етіледі. Әртүрлі өнер көрсетудің «кесінділері» қарастырылмайды.

Байқауға арналған бейнеролик сапалы фонограммамен жазыла отырып, кез келген сахналық алаңдарда (сахна, табиғат, концерттік алаң және т.б.) түсірілуі тиіс.

5.3. Фестиваль-байқауды кәсіби әділқазылар алқасы 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

Бағалау критерийлері:

стильдердің үйлесімінің өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі;

композициялық шешімі;

би қойылымы-идеяс;

техника және орындау деңгейі;

жоғары сапалы орындау;

көркемдік және сюжеттік;

сахналық көрінісі (костюм).

6. Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі онлайн дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

6.2. Фестиваль-байқауының қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, сертификаттардың электронды нұсқалары www.shyqysdaryn.kz сайтында жүктеу алу мүмкіндігімен орналастырылады.

Ақпарат алу үшін телефонары: 8(7232) 75-26-91, 8 708 177  42 92.