+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО-ның дарынды оқушылары зияткерлік біріншілікте ең үздіктер атағына сайысты
23 Ақп, 13:46

2022 жылы 14-22 ақпанда республиканың 291 ауданынан (қаласынан) 100 мыңға жуық оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысты. Олимпиада еліміздің талантты және дарынды оқушылары үшін дәстүрлі шара болып табылады.

Биылғы жылы зияткерлік сайыс олимпиаданың әділ, ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатымен алғаш рет электронды форматта өтті.

Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі прокторинг жүйесін қолдана отырып, «Oqylyq» платформасы арқылы өтті. Қатысушыларға платформадағы тапсырмаларға кіру үшін логиндер мен парольдер және жауап парақтары берілді. Сонымен қатар, олимпиада өткізу процесін онлайн режимде бақылау үшін, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Біздің облыстан олимпиаданың екінші кезеңінде 9-11 сыныптар арасында, 9 мыңнан астам дарынды оқушылар жаратылыстану - математика және қоғамдық - гуманитарлық бағытта 15 пән бойынша қатысты. Олимпиаданың 2 – ші кезеңінің қатысушыларының жұмыс орындарында барлық қатысушыларға тең шарттар қамтылған және олимпиада өткізу кезінде санитарлық – эпидемиологиялық ережелер мен нормалар сәйкестендірілді.

Олимпиада өткізу барысында академиялық адалдықты қадағалау үшін, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері, ата-аналар комитетінен және БАҚ өкілдері қатысты.

Республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңін өткізу қорытындылары бойынша жеңімпаздар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне шақырылады.