2022 жылғы 15 акпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын қашықтықтан өткізді.
Облыстық айтыстың өткізілу мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, табиғи таланттыларды табу, қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.
Жас ақындарды білікті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына Шығыс Қазақстан облысының ақындары кірді.
Қашықтықтан өткізілген айтыстың қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер болды: Бас жүлде - 1, І орын - 2, ІІ орын - 2, ІІІ орын -3.
Облыстық кезеңнің Бас жүлде иегері - Оразанбаев Еркебұлан (Тарбағатай ауданы) ағымдағы жылғы ақпанның үшінші онкүндігінде өтетін байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.




