+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Мың бала» Ұлттық Олимпиадасы
16 Ақп, 16:34

2022 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде соңғы екі жыл тұрып жатқан 5-6 сынып оқушыларына арналған "Мың Бала" ұлттық олимпиадасы басталады.

Олимпиадаға қатысу үшін ауыл мектептерінің 5-6 сыныптарының барлық оқушылары https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтта 2022 жылдың 20 наурызына дейін қатысушының тіркеу нысанын толтыру қажет.

Тіркеуден өткеннен кейін тестілеуге қатысу үшін қатысушылар осы платформада авторизациядан өтуі қажет.

Олимпиада екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды.

Ағымдағы олимпиаданы өткізу кезінде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары болып табылатын 2021 жылғы олимпиаданың ІІ кезеңінің жеңімпаздары олимпиаданың ІІ кезеңіне тіркеусіз жіберіледі.