+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«2022 – Қазақстандағы балалар жылына» арналған облыстық «Мөлдір нота» қашықтықтан өтетін байқаудың ережесі
15 Ақп, 14:08
  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қосымша музыкалық білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында өтетін «Мөлдір нота» облыстық дистанциялық вокалдық байқауын өткізудің мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқаудың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының музыкалық қосымша білім беру мекемелерінің білім алушыларын қамтуды арттыру және байқаудың аумақтық шеңберін кеңейту.

1.3. Байқаудың міндеттері:

- жас вокалистердің музыкалық шығармашылығын танымал ету;

- Шығыс Қазақстан облысының музыкалық қосымша білім беру мекемелері оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру;

- Шығыс Қазақстан облысының қашықтықтан оқыту форматында қосымша білім беру ұйымдары оқытушыларының тәжірибесімен алмасу.

  1. Байқауды ұйымдастырушылар

2.1. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК;

2.2. Қазақстан ұлттық федерациясы ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК.

  1. Байқаудың өткізілу мерзімі және тәртібі

3.1. Байқаудың жұмыстары 2022 жылдың 19 наурызына дейін myzschool@inbox.ru электронды поштасына «Мөлдір нота»  деп белгіленіп, қабылданады.

3.2. Байқауға қатысу үшін myzschool@inbox.ru электронды поштасына төмендегі құжаттарды жіберу қажет:

- қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;

- https://www.youtube.comжелісінде жарияланған бейнематериалға сілтеме 

  1. Байқауға қойылатын талаптар

4.1. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының музыкалық қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:

- кіші жас тобы 5-6 жас;

- кіші жас тобы 7-9 жас;

- орта жас тобы  10-13  жас;

- жоғарғы жас тобы 14-16 жас.

4.2. Қатысушылардың жасы 01.01.2022 жылға қатысты есептеледі.

4.3.Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- Эстрадалық вокал;

- Академиялық ән айту.

4.4. Байқауға қатысушылар патриоттық, достық, бақытты балалық шақ тақырыптарында бір вокалдық шығарма орындайды. Репертуар орындаушының жас санатына сәйкес болуы керек. Шығарма жанды дауыста немесе минус фонограммамен сүйемелдеумен орындалады.

4.5.Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- орындаудың вокалдық шеберлігі (таза дыбыс шығаруы);

- орындаушылық шеберлік;

- сахналық бейне;

- репертуардың байқау тақырыбына сәйкестігі.

4.6. Байқауға үш қатысушыдан артық емес – қосымша білім беру мекемесінің солистері жіберіледі.

5. Байқауды қорытындылау және марапаттау 

5.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Жеңімпаздар Гран-при, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреат атақтарымен марапатталады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

5.2. Конкурсқа қатысушыларға және олардың жетекшілеріне грамоталардың электрондық нұсқасы 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін қосымша білім беру ұйымдарының электрондық поштасына жіберіледі.

Анықтама үшін телефондар: Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Дубейко Елена Анатольевна (Өскемен қаласы, №1 балалар музыка мектебі) 87055306735.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Мұратова Мольдер Мұратовна (Өскемен қаласы, №1 балалар музыка мектебі) 87776786478.

Облыстық қашықтан өтетін

«Мөлдір нота» байқауының 

ұйымдастыру комитеті

Өтініш

Қатысушының аты-жөні

Қосымша

білім беру мекемесінің атауы

 

Оқытушының аты-жөні

Сүйемелдеушінің аты-жөні

Байланыс телефондары

Номинация, бағыт

Қатысушының жасы, тобы

Орындалатын репертуар, бейнематериалға сілтеме

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                    

Мекеменің директорымен бекітілген,  номинациясынан тәуелсіз, конкурстың барлық қатысушылары көрсетілген білім беру мекемесінен бір өтінім өткізіледі.