+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«2022 – Қазақстандағы балалар жылына» арналған облыстық «Сиқырлы лира» қашықтықтан өтетін байқаудың ережесі
15 Ақп, 13:27
  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қосымша музыкалық білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында өтетін «Сиқырлы лира» облыстық дистанциялық аспаптық орындау байқауын өткізудің мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқаудың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының музыкалық қосымша білім беру мекемелерінің білім алушыларын қамтуды арттыру және байқаудың аумақтық шеңберін кеңейту.

1.3. Байқаудың міндеттері:

- Шығыс Қазақстан облысының өскелең ұрпақтарының музыкалық өнерін танымал ету;

- Шығыс Қазақстан облысының музыкалық қосымша білім беру мекемелері оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру;

- Шығыс Қазақстан облысының қашықтықтан оқыту форматында қосымша білім беру ұйымдары оқытушыларының тәжірибесімен алмасу.

  1. Байқауды ұйымдастырушылар
  1. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК;
  2. Қазақстан ұлттық федерациясы ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК.

3. Байқаудың өткізілетін күндері мен тәртібі 

3.1. Байқаудың жұмыстары 2022 жылдың 20 наурызына дейін myzschool@inbox.ru электронды поштасына «Сиқырлы лира»  деп белгіленіп, қабылданады.

3.2. Байқау ақысыз өткізіледі.

3.3. Байқауға қатысу үшін myzschool@inbox.ru электронды поштасына төмендегі құжаттарды жіберу қажет:

- қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;

- https://www.youtube.comжелісінде жарияланған бейнематериалға сілтеме. 

4. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар 

4.1. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының музыкалық қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:

- бірінші кіші топ 8 жас  қоса алғанда;

- екінші кіші топ  9- 10 жас;

- орта топ  11-12  жас;

- жоғарғы топ 13-16 жас.

4.2. Қатысушылардың жасы 01.01.2022 жылға қатысты есептеледі.

4.3.Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- фортепиано;

- синтезатор;

- ішекті аспаптар;

- үрлемелі аспаптар;

- ұрмалы аспаптар;

- қазақ ұлттық аспаптар;

- орыс ұлттық аспаптар.

4.2. Байқауға қатысушылар екі музыкалық шығарманы орындайды: Қазақстан композиторларының шығармасы және өз таңдауы бойынша виртуоздық шығарма. Репертуар орындаушының жас санатына сәйкес болуы керек. Шығарманы минус фонограммамен сүйемелдеуге болады.

4.3. Бірінші кіші жас тобының қатысушыларына қойылатын конкурстық бағдарлама талаптары музыка мектебінің 2-сыныптан төмен, екінші кіші топ - 3-сыныптан төмен, орта жастағы топ - 4-сыныптан, жоғары жас тобы - 5-сыныптан төмен болмауы керек.

4.4. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- орындау техникасы;

- орындаудың көркемдігі мен мәнерлілігі;

- шығарманың стилі мен формасын түсіну;

- репертуардың өзіндік ерекшелігі.

4.5. Байқауға үш қатысушыдан артық емес – қосымша білім беру ұйымының солистері жіберіледі.

5. Байқауды қорытындылау және марапаттау 

5.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Жеңімпаздар Гран-при, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреат атақтарымен марапатталады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

5.2. Конкурсқа қатысушыларға және олардың жетекшілеріне грамоталардың электрондық нұсқасы 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін қосымша білім беру ұйымдарының электрондық поштасына жіберіледі.

Анықтама үшін телефондар:

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Дубейко Елена Анатольевна (Өскемен қаласы, №1 балалар музыка мектебі) 87055306735;

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Мұратова Мольдер Мұратовна (Өскемен қаласы, №1 балалар музыка мектебі) 87776786478.

                                                                                                                                    «Сиқырлы  лира»

                                                                                                                                                            Облыстық қашықтықтан

                                                                                                                                                 өткізілетін байқаудың

                                                                                                                                                   ұйымдастыру комитеті

                                             

Өтінім

Қатысушының аты-жөні

Қосымша білім беру мекемесінің атауы

Оқытушының аты-жөні

Сүйемелдеушінің аты-жөні, байланыс телефоны

Номинация,

аспап

 

Жасы,

Тобы

 

Репертуар, бейнематериалға сілтеме

 

 

 

 

 

 

 

Мекеменің директорымен бекітілген,  номинациясынан тәуелсіз, конкурстың барлық қатысушылары көрсетілген білім беру мекемесінен бір өтінім өткізіледі.