+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«2022 – Қазақстандағы балалар жылына» арналған облыстық «Медианта» қашықтықтан өтетін байқаудың ережесі
15 Ақп, 10:38
  1. Жалпы ережелер

1.1. Қосымша музыкалық білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы «Медианта» музыкалық-теориялық пәндерінен облыстық қашықтықтан өткізілетін байқау ережесі, оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

2.1.Конкурстың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының қосымша білім беру мекемелері оқушыларының қамтуын арттыру және байқаудың аумақтық шеңберін кеңейту.

2.2. Конкурстың міндеттері:

- оқушылардың музыкалық-теориялық пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың музыкалық көкжиегін және интеллектуалды деңгейін кеңейту;

- Шығыс Қазақстан облысындағы қосымша музыкалық білім беру мекемелері оқытушыларының қашықтықтан оқыту форматында тәжірибе алмасуы.

  1. Байқауды ұйымдастырушылар

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК;

Қазақстан ұлттық федерациясы ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК;

  1. Байқаудың шарттары мен тәртібі

3.1. Конкурстық жұмыстар электронды түрде 2022 жылдың 19 наурызына дейін «Медианта» белгісімен myzschool@inbox.ru электронды поштасына қабылданады.

3.2. Конкурс ақысыз тегін өткізіледі.Байқауға қатысу үшін myzschool@inbox.ru электронды мекен-жайына келесі құжаттарды жіберу керек:

- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

- https://www.youtube.com каналында орналастырылған видеоға сілтеме.

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
  1. Жас санаттары:орта және жоғары сынып оқушылары. Байқауға қатысушылар келесі тақырыптар бойынша бейнеролик дайындауы керек:
  2. «Қазақ композиторларының шығармашылығы (байқауға қатысушының таңдауы бойынша);
  3. «Ұлы Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы»;
  4. «Классикалық композиторлардың шығармашылық мұрасы» (байқауға қатысушының таңдауы бойынша).

4.2. Видеоның ұзақтығы 3 минуттан аспайды.

4.3.Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- материалды логикалық баяндау (таңдалған тақырыпқа сәйкес);

-  жалпы эмоционалды әсер;

- шешімнің өзіндік ерекшелігі (гармония мен тональдық жоспардың болуы).

4.4. Қосымша білім беру мекемесінің байқауға төрт қатысушыдан артық емес жіберіледі.

  1. Байқаудың қорытындысын шығару және марапаттау

5.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Жеңімпаздарға Бас Жүлде, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреаттар атағы беріледі. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

5.2. Конкурсқа қатысушылар мен олардың жетекшілеріне грамоталардың электрондық нұсқалары қосымша білім беру мекемелерінің электрондық поштасына 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін жіберіледі.

Анықтама үшін телефон: Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Елена Анатольевна Дубейко, 87055306735.

Қашықтықтан өтетін

облыстық «Медианта»

байқауының ұйымдастыру

комитеті                                                                                                      

                                                               Өтінім

 

Қатысушының аты-жөні

Қосымша

білім беру мекемесінің атауы

 

Оқытушының аты-жөні

Байланыс телефондары

Бейнематериалға сілтеме

 

 

 

 

 

Мекеменің директорымен бекітілген,  номинациясынан тәуелсіз, конкурстың барлық қатысушылары көрсетілген білім беру мекемесінен бір өтінім өткізіледі.