+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
14 Ақп, 11:30

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 9-11 ақпан аралығында онлайн форматта шахматтан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.

Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз 102 оқушысы қатысты.

Команда құрамы: 4 ұл, 2 қыз.

Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 6, ІІ дәрежелі дипломмен - 6, ІІІ дәрежелі дипломмен - 6 қатысушы марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын -  Семей қаласының құрама командасы;

2 орын– Бородулиха ауданының құрама командасы;

3 орын– Тарбағатай ауданының құрама командасы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!