1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан тарихы, өлкетану және археология пәндері бойынша оқушыларға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» орталығы)болып табылады.
3. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты анықтау және дамыту;
- Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің мазмұнын түсіндіру;
- оқушылардың өлкетануды оқып үйрену саласындағы танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
- оқушылардың санасына бірігу маркерлері мен қазақстандық сәйкестендіру;
- жалпыұлттық қасиеттеріміз арқылы Қазақстан халқының идеяларын нығайту;
- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестік, білімге табыну, дамудың эволюциялығы және сананың ашықтығы ұстанымдарына қалыптасқан азаматтықты және патриоттықты тәрбиелеу.
Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;
- Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- Олимпиада шараларының түрлерін, өткізу түрлерін анықтайды;
- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
- Олимпиаданың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Олимпиада қатысушылары
Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиада төрт кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу.
Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (ақпан айының үшінші онкүндігі, 2022 жыл).
Үшінші кезең – облыстық (17 наурыз 2022 жыл).
Төртінші кезең– республикалық (сәуір айының үшінші онкүндігі, 2022 жыл).
Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2022 жылдың 10 наурызына дейін «Дарын» орталығына келесі е-mail-ға жолданады: vk_daryn@mail.ru.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
- мектепішілік іріктеу кезеңін аудан/қалада ұйымдастыру және өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (2-қосымша);
- аудандық/қалалық онлайн кезеңді өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (3-қосымша);
- аудандардан/қалалардан қатысушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы.
Әр аудан/қала, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 5адам: (10 сынып – 2 қатысушы; 11 сынып – 3 қатысушы).
5. Олимпиаданы өткізу шарттары
Олимпиада екі айналымда өтеді:
- 1 айналым – Қазақстан тарихы пәні бойынша (Онлайн тест).
Қазақстан тарихы пәні бойыншаОлимпиада тест түрінде өтеді. Тест тапсырмалары орыс және қазақ тілдерінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны тереңдетілген мектеп бағдарламасымен сәйкес келуі тиіс (тапсырмалардың 30%-ы өңірлік компоненттен білімді тексеруге бағытталған).
Регламент: 75 минут.
Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны: 60 ұпай (60 сұрақ).
- 2 айналым – перезентацияны қорғау.
Презентация тақырыптары:
«Ұлы даланың тарихи келбеті»
Ғылыми жоба тақырыпшалары:
- Ұлт зиялыларының тарихи жолдары.
- Өлкенің тарихи-мәдени мұрасы: туристік әлеуеті.
- Қазақтардың қоғамдық - құқықтық құрылымының тарихы (XVғ.-XXғ басы).
- Қазіргі әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан.
Оқушылар осы тақырыптар бойынша таныстырылымының электронды нұсқасын (Power Point) 2022 жылдың 10 наурызына дейін ұйымдастырушылардың электронды адресіне vk_daryn@mail.ru жіберулері тиіс. Таныстырылымның көлемі - 10 беттен аспауы қажет. Таныстырылымды қорғау 2022 жылдың 17 наурызы күні сағат 10.00-де болады.
Үздік таныстырылымдар ШҚО білім басқармасының, «Дарын» орталығының сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Таныстырылымға қойылатын талаптар:
- тақырыптың өзектілігі мен мазмұнының тереңдігі - 10 ұпай;
- таныстырылымның жаңашылдығы және дербестік деңгейі – 10 ұпай;
- таныстырылымныңқұрылымы мен әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануы – 10 ұпай;
- эстетикалық талапқа сай безендірілуі - 10 ұпай.
Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны: 40 ұпай.
6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың саны қатысушылардың жалпы санының 45 % құрайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
7. Қаржыландыру
Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы жүзеге асырады.
1-қосымша
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық пәндік олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысуға өтінім
|
№ |
Қатысушының тегі, аты |
Аудан/ қала |
Білім беру ұйымы |
Сыныбы |
Оқу тілі |
Әлеуметтік статусы
|
11 сынып оқушысы үшін ҰБТ-ға таңдаған беймделу пәндері |
Ұялы телефон нөмірі |
|
|
Білім беру бөлімінің басшысы /
облыстық мамандандырылған мектептіңдиректоры __________________________
(ТАӘ, қолы)
2-қосымша
______ наурыз, 2022жылы_____________________ ауданында/қаласында,
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны |
|
|
|
|
|
Білім беру бөлімінің басшысы /
облыстық мамандандырылған мектептің директоры __________________________
(ТАӘ, қолы)
3-қосымша
_____ наурыз, 2022жылы ____________________ ауданында/қаласында,
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының аудандық/қалалық онлайн іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы
|
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны |
|
|
|
Білім беру бөлімінің басшысы /
облыстық мамандандырылған мектептің директоры __________________________
(ТАӘ, қолы)