Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 9-11 ақпан аралығында онлайн форматта шахматтан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтеді.
Мақсаты – дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Спорт интернаттарының оқушылары, аудандар мен қалалар спортшыларды облыстық жарыстардың онлайн-платформаларының жұмысына қатысуы үшін техникалық жарақтандыруды қамтамасыз еткен жағдайда, оларды жіберген аудандар мен қалалар атынан қатысады.
Аудан / қала командасының сандық құрамы 8 адам: 6 қатысушы (4-ұлдар; 2-қыздар) және 2 өкіл.
Жарыстар екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – мектепішілік, аудандық (қаңтар);
2 кезең – облыстық (9-11 ақпан, онлайн формат).
Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.
Жарыстың облыстық кезеңіне қатысу үшін қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының және жіберуші білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған өтінімді 2022 жылғы 1 ақпан, сағат 10:00-ге дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жолдау қажет. (Қосымша 1). тел. 8 (7232) 75-15-53, е-mail: vk_ocfk@mail.ru.
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) 1 кезеңді өткізу туралы есеп (мектепішілік, аудандық). 10 фотосурет (Қосымша 2).
2) сканерленген қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
3) спортшының осы оқу орнына, спорт мектебіне тиесілігін растайтын фотосуреті бар сканерленген жеке карточкасы (Қосымша 3);
4) қатысушының тұрғылықты жерінен сканерленген мекенжай анықтамасы.
Жарыстарды өткізу туралы ереже сайтта орналастырылған: shygysdaryn.kz.