+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қысқы ертегі» қашықтықтан өткізілетін шығармашылық конкурстың қорытындысы
04 Ақп, 17:34

Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қашықтықтан «Қысқы ертегі» атты шығармашылық конкурс өткізді.

Байқауға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері және бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктері бойынша қатысты: 5-6 жас; 7-8 жас; 9-10 жас.

Байқау 3 номинация бойынша өтті:

- «Жаңа жылдық ертегі» - ертегілер байқауы, дәстүрлі жаңа жылдық кейіпкерлердің Аяз ата, Ақшақар және т.б. қатысуымен ертегі жазу;

-  «Жаңа жылға арналған шығармашылық идеялар» - кез-келген материалдан дайындалған  қолдан жасалған бұйымдар жасау;

- «Жаңа жыл ғажайыптары» -  суреттер байқауы кез-келген материалда  сурет  салу.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын төмендегідей критерийлер бойынша бағалады:

- тақырыптың ашылу сапасы мен толықтығы;

- көркемдік шеберлігі;

- жұмыстың орындалу техникасы мен сапасы.

«Жаңа жылдық ертегі» - ертегілер байқауы номинациясы бойынша тақырыпқа сай келуі, грамматикалық қателердің болмауы, тапқырлығы, логикалық ойлауы, ойлау қабілеті ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша  291 жүлдегер анықталды (1 орын – 60, 2 орын – 91, 3 орын – 140 оқушы).

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс тілейміз.