2022 жылғы 26 қаңтарда облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары мен орынбасарларының қатысуымен онлайн режимде семинар-кеңес өтті.
Семинарға ҚР ұлттық зияткерлік құрамасының жаттықтырушылары - өткен жылдардағы әлемдік олимпиадалардың жүлдегерлері: Ордабаев А.Е. (Алматы қ. РФММ), Сакимов И.К. («Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры), Бактияр Д.Ж. (Қарағанды қ., Н. Нұрмақов атындағы ММИ) спикерлер ретінде шақырылды. Жаттықтырушылар оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісіп, мектептерде олимпиадалық қозғалысты дамыту бойынша ұсыныстар берді.
Қатысушылар практикалық тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар осы бағыт бойынша қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды және шараның маңыздылығын атап көрсетті.


