І. Жалпы ережелер
1. «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасын (бұдан әрі – Мектеп лигасы) өткізу туралы ереже 2021-2022 оқу жылында мектеп лигасы жарыстарының түрлері бойынша Республикалық регламентке сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Мектеп лигасының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
3. Мектеп лигасының мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ұлттық лиганың міндеттері:
- білім алушылар арасында бұқаралық спорт түрлерін танымал ету және спортта дарынды балаларды анықтау;
- мектеп оқушылары арасында (баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі) спорт түрлері бойынша тұрақты спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- мамандандырылған спорт мектептерін толықтыру үшін талантты және жас спортшыларды анықтау.
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай–ақ, пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық қатысушылар дезинфекция режимін және аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек.
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдарға және басқа да жағдайларға сәйкес мектеп лигасын өткізу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
ІІ. Мектеп лигасын өткізуге басшылық
4. Мектеп лигасын ұйымдастыру және тікелей өткізу туралы жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарысты тікелей өткізуді ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
5. Мектеп лигасының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізуге жауапкершілік аудандық және қалалық әкімдіктерге (білім бөлімдеріне, спорт бөлімдеріне, білім беру ұйымдары басшыларына) жүктеледі.
6. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын және т.б.) беруді жүзеге асырады.
7. Әрбір кезеңді өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.
Мектеп лигасының Ұйымдастыру комитеті:
- жарыстарға қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдайды;
- кестеге сәйкес жарыстардың өткізілетін күндерін анықтайды;
- жарыс өтетін күнді кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын өзгертуге құқығы бар;
- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу рәсімдерін жүзеге асыру бойынша комиссия құрады;
- Мектеп лигасының бас төрешілер алқасының, спорт түрлері бойынша төрешілер алқасының құрамын бекітеді;
- жарысқа қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
- Мектеп лигасы жарыстарының кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.
ІІІ. Мектеп лигасын өткізу орны мен мерзімі
8. Мектеп лигасы жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес (1 қосымша) үш кезеңде өткізіледі:
1-кезең:мектепішілік іріктеу– сыныптар арасындағы жарыстар.
Мақсаты - мектеп құрама командасын құру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (мектеп біріншілігі).
2022 жылғы қаңтар-сәуіраралығында өткізіледі (мектепішілік жарыстарды өткізу туралы кесте және оның жеңімпаздары спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады).
Білім беру ұйымының басшысы іріктеу кезеңінде сынып-командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізугежетекшілік етеді.
2-кезең:аудандық / қалалық- қалалық, аудандық мектептер арасындағы жарыстар.
2021 жылдың ақпан-сәуірайлары аралығында өткізіледі.
Мақсаты – аудан, қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
Жарыстарға қатысуға өтінім берген командалар мәлімделген командалардың санына байланысты кіші топтарға бөлінеді. 1 орын алған командалар жарыстың 3-ші кезеңіне жіберіледі.
1-ші және 2-ші кезеңдердің қорытынды есебі (фото, ойын хаттамалары, командалардың өтінімдері, турнирлік жағдай және басқа да тиісті құжаттар) ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына ұсынылады.
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары аудандық және қалалық кезеңде мектептер арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жетекшілік етеді.
3-кезең: облыстық-жарыс екінші кезеңнің жеңімпаздары арасында өткізіледі.
Мақсаты-облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтау (облыс біріншілігі).
2022 жылғы ақпан-мамыр аралығында Өскемен қаласында өткізіледі.
Білім басқармасы облыстық кезеңде аудандық және қалалық командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік етеді үйлестіреді (облыстық кезеңге қатысушылар ҰҒПДТО сайтында тіркеледі).
9. Мектеп лигасының спорт түрлері:
- 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» (ұлдар)
- 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» (қыздар)
- 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» (ұлдар)
- 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» (қыздар)
- 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» (ұлдар)
- 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» (қыздар)
- 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» (ұлдар)
- 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» (қыздар)
- 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» (ұлдар)
- 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» (қыздар)
- 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақ (ұлдар, қыздар)
- 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық (ұлдар, қыздар)
- 5-6,7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисі (ұлдар, қыздар)
- 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикалық кросс (ұлдар, қыздар)
Спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу кестесі 1 қосымшада.
Лига бағдарламасында көрсетілген спорт түрлері бойынша жарыстар спорт түрлері бойынша федерациялардың қолданыстағы ережелеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткізіледі.Мектеп лигасының облыстық кезеңінің өтетін күндері қосымша хабарланатын болады.
Ескертпе *- әрбір қатысушы өзі оқитын сыныптан/мектептен қатысады(қатысушының өз жасы үшін емес екендігі, басқа мектепте оқитыны туралы фактілер анықталған кезде қатысушы дисквалификацияланады және мектеп лигасының қорытындылары бойынша жалпы есепте командаға автоматты түрде соңғы орын беріледі).
IV. Мектеп лигасының қатысушылары мен шарттары
10. Жарысқа мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады. Бір білім алушының жарыс бағдарламалары бойынша спорттың екі түріне қатысуына жол берілмейді.Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің білім алушылары мектеп лигасында осы Ереженің талаптарын сақтаған жағдайда өздері білім алатын жалпы білім беретін мектептері атынан қатысуға құқылы.
11. Мектеп лигасына қатысуға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған сыныптар, спорт интернаттары мен академиялардың командалары жіберілмейді.
12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығының 26-тармағы негізінде мектеп лигасына қатысатын ойыншылар осы жарысқа қатысу және дайындық кезінде жазатайым оқиғадан сақтандырылуы тиіс.
Міндетті сақтандыруға жауапты-білім беру бөлімдерінің басшылары, жаттықтырушы-оқытушылар, дене шынықтыру мұғалімдері. Жолда және жарыс кезінде спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына команда өкілдері мен жаттықтырушылар жауапты болады.
13. Кез келген команда тек бір жас тобында өнер көрсете алады.
14. Жарысқа қатысатын жалпы білім беретін мектеп командасының өзіндік логотипі және бірыңғай спорттық киімі болуы тиіс.
15. Мектеп лигасы жарыстарының кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар қамтамасыз етуі керек:
- жарыстарды өткізу тәртібі мен қауіпсіздігі;
- қызмет көрсетуші персоналдың болуы (медицина қызметкерлері, төрешілер, техникалық қызметкерлер);
- табло және құрал-жабдықтар.
16. 1 (мектепішілік) және 2 (аудандық/қалалық) кезеңдердің қорытындылары бойынша ұйымдастыру комитеті жарыстарды (фотосуреттерді) өткізу туралы есепті Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, 302 каб, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының e-mail: vk_ocfk@mail.ru мекенжайына (2 қосымша) жолдайды.
17. Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу шарттары 5 қосымшада.
V. Қатысуға өтінімдер
18. Спорт түрлері бойынша мектеп лигасының 1-ші және 2-ші кезеңдеріне қатысуға алдын ала өтінімдер жарыс басталғанға дейін 10 күннен кешіктірілмей беріледі.
Әр кезеңге және спорт түріне өтінім жеке беріледі.
19. Мектеп лигасының (облыстық) 3-ші кезеңіне қатысуға өтінім құжаттары жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес(1 қосымша)Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК-ға мына мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21,
3-қабат, e-mail: vk_ocfk@mail.ru.
-
Мандаттық комиссияға мынадай құжаттар беріледі:
- стандартты үлгідегі өтінім (3 Қосымша);
- қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- оқу орнынан анықтама;
- спортшының жеке карточкасы;
- ХҚКО-нан әрбір ойыншыға мекенжай анықтамасы;
- оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы білім беру ұйымының хаты (бұйрығы);
- сақтандыру полисі.
Анықтама телефоны бойынша: 8(72332)75-15-53, 8(777)984-26-46.
V. Наразылық білдіру
21. Наразылықты бас төрешілер алқасына (БТА) команда өкілі, мұғалім және жаттықтырушы жарыс аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде жазбаша түрде береді.
22. Нәтижелермен келіспеген жағдайда команда капитаны хаттамаға қол қоймайды, наразылықты (БТА)-ға қарауға береді.
23. Төрешілер алқасы наразылықты ол берілгеннен кейін 1 сағат ішінде қарайды және тексеру нәтижелерін өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
24. Командаларды жасақтау ережелерінің бұзылғаны, өтінімнің немесе ойын карточкаларының дұрыс ресімделмегені расталған жағдайда, аталған команда жарыстан шығарылады, жаттықтырушының, дене шынықтыру мұғалімінің немесе құрама команданың іс-әрекеті туралы бас төреші білім басқармасына хабарлайды.
VII. Марапаттау
25. Үшінші облыстық кезеңде І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.
VIII. Қаржыландыру
26. Мектеп лигасының бірінші (мектепішілік) және екінші (аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығыстарын аудандық, қалалық ұйымдастыру комитеттері көтереді.
27. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚКжүзеге асырады.
28. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын және т.б.) беруді жүзеге асырады.
29. Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын нысанын және допты сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым төлейді.
ІХ. Covid-19 кезінде санитариялық нормаларды сақтау Мектеп лигасының жарыстарын өткізу кезінде
30. Жауапты тұлға (медицина қызметкері) жарыс басталар алдында қатысушыны (ұйымдастырушыны, жаттықтырушыны, спортшыны) қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркеп, байланыссыз термометрлерді (тепловизорларды) пайдалана отырып термометрикалық өлшеулер жүргізу қажет.
31. Іссапарға жіберуші ұйымдар барлық қатысушыларды бір реттік медициналық маскалармен (жарыстардың ұзақтығына қарай және маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру қажеттілігі туралы қағидалардың сақталуын ескере отырып) және қолды өңдеуге арналған антисептикпен қамтамасыз етеді.
1 қосымша
2021-2022 оқу жылы Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық Мектеп лигасының жарыстарын өткізу кестесі
|
Спорт түрі |
Команда құрамы |
Өткізу уақыты |
(облыстық) 3 кезеңге өтінім беру мерзімі |
Облыстық кезеңнін өткізу орны |
|||||||
|
Жас топтары |
Ұлдар |
Қыздар |
Өкілдер |
|
|
|
|
||||
|
Тоғызқұмалақ |
5-6 сынып |
2 |
2 |
1 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 22.01.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – ақпан-наурыз. |
24 қаңтарға дейін |
Өскемен қ., белгіленген уақытта |
|
|||
|
7-8 сынып |
2 |
2 |
1 |
|
|||||||
|
9-11 сынып |
2 |
2 |
1 |
|
|||||||
|
Асық ату |
5-6 сынып |
5 |
- |
1 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 22.01.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – ақпан-наурыз. |
24 қаңтарға дейін |
Өскемен қ., белгіленген уақытта |
|
|||
|
7-8 сынып |
5 |
- |
1 |
|
|||||||
|
9-11 сынып |
5 |
- |
1 |
|
|||||||
|
Бес асық |
5-6 сынып |
- |
5 |
1 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 22.01.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – ақпан-наурыз. |
24 қаңтарға дейін |
Өскемен қ., белгіленген уақытта |
|
|||
|
7-8 сынып |
- |
5 |
1 |
|
|||||||
|
9-11 сынып |
- |
5 |
1 |
|
|||||||
|
Үстел теннисі |
5-6 сынып |
2
|
1 (1 қосалқы) |
1 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар-ақпан; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 12.02.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – ақпан-сәуір. |
14 ақпанға дейін |
Өскемен қ, №37 көпбейінді орта мектебі» КММ |
|
|||
|
7-8 сынып |
2
|
1 (1 қосалқы) |
1 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар-ақпан; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 12.02.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – ақпан-сәуір. |
14 ақпанға дейін |
|
|||||
|
Волейбол бойынша «Шұбар доп» |
7-8 сынып |
12 |
12 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар-ақпан; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 26.02.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – наурыз-сәуір. |
28 ақпанға дейін |
Өскемен қ., Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ, Серикбаев көш., 19 |
|
|||
|
9-11 сынып |
12 |
12 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар-ақпан; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 26.02.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – наурыз-сәуір. |
28 ақпанға дейін |
Өскемен қ., Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ, Серикбаев көш., 19 |
|
||||
|
Баскетбол бойынша «Алтын доп» |
7-8 сынып |
12 |
12 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар-ақпан; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 26.02.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – наурыз-сәуір. |
28 ақпанға дейін |
Өскемен қ., «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ Стаханов көш., 3а |
|
|||
|
9-11 сынып |
12 |
12 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – қаңтар-ақпан; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 26.02.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – наурыз-сәуір. |
28 ақпанға дейін |
Өскемен қ., «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ Стаханов көш., 3а |
|
||||
|
Жеңілатлетикалық кросс |
5-6 сынып |
3 |
3 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – наурыз-сәуір; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 16.04.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – сәуір-мамыр. |
18 сәуірге дейін |
Өскемен қ., белгіленген уақытта |
|
|||
|
7-8 сынып |
3 |
3 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – наурыз-сәуір; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 16.04.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – сәуір-мамыр. |
18 сәуірге дейін |
Өскемен қ., белгіленген уақытта |
|
||||
|
9-11 сынып |
4 |
4 |
2 |
1 кезең (мектепішілік) – наурыз-сәуір; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 16.04.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – сәуір-мамыр. |
18 сәуірге дейін |
Өскемен қ., белгіленген уақытта |
|
||||
|
Футбол бойынша «Былғары доп» |
7-8 сынып |
15 |
15 |
4 |
1 кезең (мектепішілік) – наурыз-сәуір; 2 кезең (аудандық/қалалық) – 23.04.2022 ж. дейін; 3 кезең (облыстық) – сәуір-мамыр. |
23сәуірге дейін |
Өскемен қ., Алтай стадионы, Чехов көш., 70а |
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 Қосымша
Кесте
1 (мектепішілік) және 2 (аудандық/қалалық) кезеңдерді өткізу туралы есеп Шығыс Қазақстан облысындағы
Ұлттық Мектеп лигасы, «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында, 2021-2022 оқу жылы
Ұлттық Мектеп лигасының І кезеңін өткізу туралы ақпарат
_______________________________________________ аудан/қала
|
№ |
Мектеп атауы |
Оқушылардың жалпы саны |
ҰМЛ қатысушы жалпы оқушылардың саны |
% |
Мектеп директорының аты-жөні, тегі |
Жарысты өткізген дене шынықтыру мұғалімінің аты-жөні, тегі
|
Үздік ойыншылардың аты-жөні, тегі |
|
|
ұлдар |
қыздар
|
|||||||
|
Волейбол 7-8 сынып |
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баскетбол 7-8 сынып |
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сондай-ақ, әр спорт түрі бойынша 10 дана фотосурет жіберу керек
Ұлттық Мектеп лигасының ІІ кезеңін өткізу туралы ақпарат
_______________________________________________ аудан/қала
|
№ |
аудан/қала |
Жалпы мектеп саны |
Оқушылардың жалпы саны
|
ҰМЛ қатысушы жалпы оқушылардың саны |
% |
Жүлделі орындарға ие болған мектеп директорының аты-жөні, тегі |
Жүлделі орындарға ие болған дене шынықтыру мұғалімінің аты-жөні, тегі |
Үздік ойыншылардың аты-жөні, тегі |
|
|
ұлдар |
қыздар |
||||||||
|
Волейбол 7-8 сынып |
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баскетбол 7-8 сынып |
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сондай-ақ, әр спорт түрі бойынша 10 дана фотосурет жіберу керек
Қосымша 3
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2021-2022 оқу жылында
Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының 3 облыстық кезеңіне қатысуға
ӨТІНІМ
_______________________________________ (қала/аудан)
Спорт түрі________________________________
|
№ п/п |
Спортшының ТАӘ |
Туылған жылы |
Бапкердің ТАӘ |
Оқуорнының мекенжайы |
Әлеуметтік жағдайы (Аз қамтылған / көпбалалы/ т.б.) |
БЖСМ тиесілігі (ОРМБЖМ) |
Дәрігеррұқсаты (қолы, мөрі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М. О.
Жіберілген спортшылар ____________________
Дәрігер_______________________(қолы)
Білім бөлімінің басшысы_________________________(қолы)
«____»____________________2022 ж.
Қосымша 4
|
|
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2021-2022 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасынақатысушының
ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Спорт түрі__________________________
(мектеп мөрі фотоның бұрышына қойылады)
Мектептің М.О
А.Ж.Т.________________________________________________________
Туылған жылы_________________________________________________
Спорттық дәрежесі______________________________________________
Оқу орны_______________________________________________________
Мектеп директоры_______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
БЖСМ директоры______________________________________________
ОРМБЖМ директоры___________________________________________
--------------------------------------------------------(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қосымша 5
Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп
Спорт лигасы жарыстарының өткізілу шарттары,
2021-2022 оқу жылы
ВОЛЕЙБОЛ (ҰЛДАР, ҚЫЗДАР)
Командалық жарыс ұлдар мен қыздар арасында өткізіледі.
Команда құрамы - 12 ойыншы, 2 жаттықтырушы-өкіл.
Жарыстар көлемі кемінде 24 х 12 м спорт залдарында өткізіледі;
Жарыстарды өткізуге арналған тордың биіктігі - 243 см., (ұлдар), 221 см., (қыздар).
Волейбол бойынша жарыстар осы жас топтарына сәйкес келетін волейболдың халықаралық ережелері бойынша өткізіледі.
Барлық ойындар Халықаралық волейбол ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жеңіс үшін ұпай саны 2:0 – 3 ұпай, 2:1 – 2 ұпай, 0:2 – 0 ұпай, 1: 2-1 ұпай.
Ойын 3 партиядан тұрады 2 партиядан 25 ұпайға дейін, 1:1, 3 партиядан 15 ұпайға дейін.
Екі немесе одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, орындар:
- барлық кездесулердегі доптардың ара қатынасы;
- барлық кездесулердегі партиялардың қатынасы;
- олардың арасындағы кездесулердегі жеңістер саны;
- олардың арасындағы кездесулердегі партиялардың ара қатынасы;
- олардың арасындағы кездесулердегі доптардың ара қатынасы.
Екі ойынға қатыспаған команда ойыннан шектетіледі.
Егер командалардың бірінің волейболшыларының тәртіпсіз мінез-құлқына байланысты ойын тоқтатылса, онда кінәлі командаға жеңіліс есептеледі 0:3 (0:25, 0:25, 0:25).
Егер ойын екі команданың кінәсінен аяқталмаса, онда жеңіліс осы командалардың әрқайсысына есептеледі, яғни командалар екі командаға да бір-бір ұпай мен екі командаға партиядағы есеп алады 0:3 (0:25, 0:25, 0:25).
Ойынға қатыспаған, шектетілген немесе дұрыс ресімделмеген ойыншы қатысқаны үшін командаға жеңіліс есептеледі 0:3 (0:25, 0:25,0:25).
Жарыстың жүргізілу жүйесі қатысушы команда санына байланысты анықталады. Егер жарысқа 6 командаға дейін қатысушылар болса командалар айналма жүйесі бойынша ойнатылады, 7 және 8 команда қатысса 2 топқа бөліну арқылы ойнатылады, 9 дан 12 –ге дейін командалар қатысса үш топқа, 13-тен 17-ге дейін команда қатысса жеребе арқылы 4 топқа бөлінеді.
Қосалқы ойыншылар орындығында тек қана команда мүшелеріне орналсуға болады. Әр команда Ережеге сәйкес кем дегенде 2 әр-түрлі түстегі киім формасы болуы қажет. Қатысушының номері міндетті түрде кеуде тұсында жазылуы қажет.
Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізіледі.
БАСКЕТБОЛ (ҰЛДАР, ҚЫЗДАР)
Команда 12 адам, 7 адам қосалқы, 5 ойыншы, 2 жаттықтырушы-өкіл.
Сақинаның биіктігі – 305 см.
Алаңның көлемі 28*15 м.
Жарыс жүйесі командалар санына байланысты. Егер 6 командаға дейін болса, қатысушылар шеңберлік жүйеде ойнайды, 7-ден 8-ге дейін командалар екі топшаға,
9-дан 12-ге дейін үш топшаға, 13-тен 17-ге дейін командалар жеребе тастау бойынша төрт топшаға бөлінеді.
Төрешілік ФИБА баскетболының ресми ережелерінің регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеңіс үшін команда 2 ұпай алады, жеңіліс үшін 1 ұпай, келмегені үшін 0 ұпай,
2 және одан да көп командаларда ұпайлар тең болған жағдайда, орындар жеке кездесулер немесе соғылған және өткізілген доптардың айырмашылығы бойынша бөлінеді.
Ойынға қатысуға рұқсат беру ережелерін бұзған ойыншы немесе ойыннан шектелген ойыншы қатысқаны үшін командаға техникалық жеңіліс
(0 ұпай) саналады.
Екі ойынға қатыспаған команда ойыннан шектетіледі.
ФУТБОЛ (ҰЛДАР, ҚЫЗДАР)
Командалықжарыстарұлдар, қыздаркомандаларыарасындаөткізіледі.
Команда құрамы – 17 адам, 15 ойыншы.1 жаттықтырушы, 1 өкіл.
Ойын ұзақтығы:
|
Ойыншылардыңжасы |
Таймдар саны |
Таймныңұзақтығы |
Үлкенүзілістіңұзақтығы |
|
7-8 сынып |
2 |
25 минут |
10 минут |
Барлық ойындар FIFA халықаралық футбол ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Жарыс жүйесі командалар санына байланысты. Егер 6 командаға дейін болса, қатысушылар шеңберлік жүйеде ойнайды, 7-ден 8-ге дейін командалар екі топшаға, 9-дан 12-ге дейін үш топшаға, 13-тен 17-ге дейін командалар жеребий тастау бойынша төрт топшаға бөлінеді.
Матч барысында ауыстыру саны 5, кері ауыстыруға рұқсат етіледі.
7-8 сыныптар үшін 8х8 форматы (7 негізгі ойыншы + 1 қақпашы) лиганың үшінші (3) кезеңі үшін.
Матчтың бірінші (1), екінші (2) кезеңдері 5*5 форматтағы жабық спорттық алаңда өтуіне кеңес беріледі (4 негізгі ойыншы + 1 қақпашы).
7-8 сынып оқушылары арасында 8х8 форматындағы үшінші (3) және төртінші (4) кезеңдердің матчтарын тіктөртбұрыш нысанындағы футбол алаңдарында өткізу ұсынылады. Ұзындығы: 50 м кем емес, 80 м артық емес, ені: 30 м кем емес, 45 м артық емес.
Матч барысында ауыстыру саны шектелмеген. Ауыстырылған ойыншы басқа ойыншыны ауыстырып, алаңға оралуы мүмкін. Айып алаңдары футбол алаңына қосымша, көлемі әр штангадан бұрыштық жалауларға қарай 12 метр және алаңдағы қақпа сызығынан 12 метр етіп салынады. Пенальтиден өту нүктесі қақпа сызығынан 9 метр қашықтықта салынады.
Футбол ойынының ережелеріне сәйкес ойыншылар матчтарда қалқанменжүру міндетті.
Доп ойында немесе ойында болмаған кезде орын алатын ауыстырулар ойын ережелеріне сәйкес орындалады.
Футбол алаңы-ұзындығы: 25-42 м, ені: 15-25 м.Қақпаның биіктігі 2 м, тіректер арасындағы қашықтық 3 м, доптың мөлшері 4.
Айып добы ойыншы доп ойнаған кезде келесі алты бұзушылықтың кез-келгенін жасайтын командаға тағайындалады, ал төреші әсер ету сипаты ұқыпсыз (бұзу) , байқаусыз (абайсызда) немесе шамадан тыс күшті қолданама, жоқ па, соны ескеруі керек:
- қарсыласты аяқпен ұру немесе аяқпен ұруға тырысқанда;
- қарсыласты құлату немесе құлатуға тырысқанда
- қарсыласқа секірсе;
- қарсыласқа, тіпті иықпен шабуыл жасаса;
- қарсыласты ұру немесе ұруға тырысқанда;
Айып добы ойыншы келесі бұзушылықтардың кез-келгенін жасайтын командаға да тағайындалады:
- қарсыласты ұстағанда;
- қарсыласқа түкіргенде;
- қақпашы абайсызда, ұқыпсыз немесе шамадан тыс күшпен ойнамаған жағдайда, өзінің айып алаңында қақпашыны қоспағанда, допты ойнап немесе қарсылас ойнауға тырысқанда (сырғанау) доп ойнауға тырысқанда;
- өз айып алаңында қақпашы, допты қолмен қасақана ойнағанда;
- Айып добы бұзушылық орын алған жерде орындалады. Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар жинақталған бұзушылық болып табылады.
Турнирдің барлық кезеңдеріндегі жеңімпаздар кезеңнің барлық матчтарында жиналған ұпайлар жиынтығы бойынша анықталады. Матчтағы жеңіс үшін – 3 ұпай, тең ойын үшін – 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай. Екі және одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, орындар келесідей анықталады:
- барлық матчтарда ең көп жеңіс саны бойынша.
- өзара ойын нәтижелері бойынша.
- барлық матчтарда соғылған және өткізіп алған доптардың үздік айырмашылығы бойынша.
- барлық матчтарда ең көп гол соққан.
- матчтардың хаттамаларына енгізілген бұзушылықтардың ең аз саны бойынша.
Лигаға келген ойыншылардың мінез-құлқына жаттықтырушылар мен команда өкілдері жауап береді.
Бұл жағдайда командаға кінәлі ойынның бұзылуына әкеліп соқтырған ойын командаларының тәртіпсіз әрекеті жағдайында Лиганың төрешілер алқасының шешімімен 0-3 есебімен жеңіліс, ал қарсылас командаға 3-0 есебімен жеңіс есептеледі.
Матчқа дәлелсіз себеппен келмеген командаға Лиганың төрешілер алқасының шешімімен 0-3 есебімен жеңіліс, ал қарсылас командаға 3-0 есебімен жеңіс есептеледі. Матчқа дәлелсіз себеппен қайта келмеген жағдайда, команда Лиганың төрешілер алқасының шешімімен лигаға қатысушылар құрамынан шығарылады. Егер лигадан шығарылған команда матчтардың жартысынан азын өткізсе, онда оның нәтижелері жойылады. Егер ол жарты немесе одан да көп матч өткізсе, бұл командаға қалған матчтардағы жеңілістер 0-3 есебімен есептеледі, ал қарсылас командаларға 3-0 есебімен жеңіс беріледі.
Белгіленген тәртіппен ресімделмеген немесе дисквалификацияланған футболшының матчқа қатысқаны үшін командаға Лиганың төрешілер алқасының шешімімен 0-3 есебімен жеңіліс есептеледі, ал қарсылас командаға 3-0 есебімен жеңіс беріледі.
Лига ішінде екі ескерту алған ойыншы автоматты түрде (шешім шығармай) келесі бір ойынға шеттетіледі.
Алаңнан шығарылған ойыншы келесі бір ойынды автоматты түрде өткізіп жібереді.
Ойын формасы біртүсті гаммада болуы қажет. Егер бір қатысушы команда әр-түрлі түстегі формамен жабдықталған болса ойыншыларға бір түсті жейделер беріледі. Егер екі команда да бір түсті формада болса онда команда капитандары арасында жеребе арқылы жейде киетін команда анықталады.
Ойынға спорттық формасы жоқ, темір табанды бутсы киген ойыншылар қатыстырылмайды.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ (ҰЛДАР, ҚЫЗДАР)
Ақтық кезеңдер әр жас тобында мынандай тәртіппен жеке өткізіледі:
|
Спорт түрі |
Команда құрамы |
||||
|
Жас ерекшеліктері |
ұлдар |
қыздар |
өкілдер |
|
|
|
Тоғызқұмалақ |
5-6 сынып |
2 |
2 |
1 |
|
|
7-8 сынып |
2 |
2 |
1 |
|
|
|
9-11 сынып |
2 |
2 |
1 |
|
|
Тоғызқұмалақтан барлық ойын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізіледі.
- Қыздар ұлдардың орнына қатысуы мүмкін;
- Әр жаңа кезеңде команда құрамындағы ойыншыларды, сол мектеп оқушыларымен ауыстыруға болады (бір кезеңде 2 ауысымнан артық емес).
Финал 7 немесе 9 турдан тұратын швейцариалық жүйе арқылы өтеді. Әр ойыншыға 30 минуттан, бір партияға 60 минут беріледі.
Команданың әр жеңісі үшін 2 ұпай, тең ойын үшін 1 ұпай, жеңіліс үшін 0 ұпай беріледі. Бір немесе бірнеше командалардың ұпай саны тең болған жағдайда келесі қосымша көрсеткіштер бойынша жеңімпаздар анықталады:
Командалық сынақта:
1. Ұпайлар саны;
2. жеке кездесу;
3. ұлдардың 1 – тақтасының жеке кездесуінің ұтыс нәтижесі;
4. қыздардың 1 – тақтасының жеке кездесуінің ұтыс нәтижесі;
5. ұлдардың 2 – тақтасының жеке кездесуінің ұтыс нәтижесі;
6. қосымша «Шапшаң ойын»
7. жеребе
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ (ҰЛДАР, ҚЫЗДАР)
Лигаға жалпы білім беретін мектептердің, облыстық білім беру мекемелерінің құрама сыныптары екі жас топтары бойынша қатысады:
|
Біріншіжастобы |
ұлдар5-6 сынып қыздар5-6 сынып |
|
Екінші жастобы |
ұлдар7-8 сынып қыздар7-8 сынып |
Барлық ойындар Федерация бекіткен үстел теннисі ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Жарыстарды өткізу жүйесі:
Лига тек 5 жеке кездесудің көпшілігінде (матчта үш жеңіске дейін) командалық жүйе жарысы ретінде өткізіледі.
Команда 3 немесе 4 ойыншыдан тұруы керек (2 ұл, 1 қыз және бір қосалқы ойыншы (қыз);
Матчқа 3 ойыншы қатыса алады, әр ойыншы 2 кездесуден артық емес қатысады.
Кездесулер тәртібі:
-
А – Х
-
В – Y
-
C– Z(қыздарарасындағыойын)
-
А – Y
-
B – X
Спортшылар мен команда басшыларының қарсыластар командасына немесе жанкүйерлерге адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, шабуыл жасайтын, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді (жарысқа дейін, кейін немесе кезінде) ішетін нормативтік емес лексика түріндегі тәртіптік теріс қылықтары лиганың бас төрешісі жарыс хаттамасында көрсетілуі тиіс.
Мұндай инциденттер жөніндегі шешімдерді қарау және шығару бас судьяның, Бас хатшының, кездесу судьяларының, инцидентке қатысушылар командалары өкілдерінің және қақтығыс кінәлілерінің (кінәлілерінің) қатысуымен жүргізіледі.
Мұндай бұзушылықтар үшін команда келесі жазаларға ұшырауы мүмкін:
- жасалған іс-әрекеттерге қатысатын команданың ойыншысын (ойыншыларын) дисквалификациялау;
- команда басшылығынан шеттетумен және жарыс өтетін жерден шеттетумен жасалған іс-әрекеттерге қатысы бар команда жетекшісін шеттету.
- команданы дисквалификациялау;
- білім беру ұйымының басшылығына білім алушының (білім алушылардың) немесе команда өкілінің жасаған іс-әрекеттері туралы жазбаша хабарлама.
7.3-т. бұзу. команда өкілдерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.
Наразылықтар
Наразылықты тек команданың өкілі (өтінімде көрсетілген) жазбаша түрде жарыстың бас төрешісіне Ереженің нақты тармағын бұзуға жарыс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде немесе жарыс өткізу барысында наразылық берілетін команданың өкілін ескертіп, 1 жұмыс күні ішінде дәлелдемелер ұсына отырып, береді.
Наразылықтар қарауға қабылданбайды:
- уақтылыберілмеген;
- матч хаттамасындатіркелмеген;
- судьялықтыңсапасынанаразылықтар;
- жарыснәтижелерібекітілгенненкейін.
Наразылықберілген Команда құжаттардытексеругежәрдемдесугеміндеттенеді.
Наразылықты МТК ұсынылған дәлелдемелерден кейін 1 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Қарауқорытындысыбойыншанаразылықбойыншашешімшығарылады.
Наразылықтыңзаңдылығытуралышешімдіжарыстың бас судьясықабылдайды.
Наразылықтың мазмұнында оны беруге негіз болған себептер көрсетілуге, сондай-ақ ережелердің бұзылуына байланысты мән-жайлар егжей-тегжейлі баяндалуға тиіс.
Хаттамада уақтылы берілмеген және тіркелмеген наразылықтар қарауға қабылданбайды.
АСЫҚ АТУ (ҰЛДАР)
|
Спорт түрі |
Команда құрамы |
|||
|
Асық ату |
Жас ерекшеліктері |
ұлдар |
Төрешілер-өкіл |
|
|
5-6 сынып |
5 |
1 |
|
|
|
7-8 сынып |
5 |
1 |
|
|
|
9-11 сынып |
5 |
1 |
|
|
Асық ату, бес асық Қазақстан Республикасы федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Ойындардағы жеңімпазды анықтау 3 кезеңнен 2 жеңіске дейін өткізіледі.Команда құрамы 5 ойыншы. Әр кезең-15 минут. Қажет болса,блиц форматында жеңімпазды анықтау үшін екі минут овертайм өтеді.
Ойын жүйесі:
А) «Жүлдегерлерді анықтау» жүйесі: 1 және 2 нөмірдегі ойыншылар бірінші жұпты, 3 және 4 нөмірдегі ойыншылар екінші жұпты құрайды, 5 нөмір жеке форматта ойнайды, жұпта жеңіске жеткен адамға 2 ұпай беріледі, бір кездесуде 1 ұпай есептеледі, сондықтан қатысушылардың жұптары берілген өтінімге сәйкес нөмірлеу арқылы анықталады.
1) жинаған ұпай сомасы бойынша;
2) Егер 2 командада бірдей ұпай саны болса, онда жеке кездесудің нәтижесі бойынша;
3) Егер 3 және одан да көп командалардың ұпай саны бірдей болса, онда кезеңдердің ең жақсы айырмашылығы бойынша;
4) Егер кезеңдердің айырмашылығы бірдей болса, онда бірінші жұптың нәтижесі бойынша.
Б) Жеңген ойындардың жеңімпазын келесі форматта анықтау:
5-0 4-1 3-2 0-5 1-4 2-3
2 2 2 0 0 0
(Асық ату) ойын алаңының көлемі

БЕС АСЫҚ (ҚЫЗДАР)
|
Спорт түрі |
Команда құрамы |
|||
|
Бес асық |
Жас ерекшеліктері |
қыздар |
Төрешілер-өкіл |
|
|
5-6 сынып |
5 |
1 |
|
|
|
7-8 сынып |
5 |
1 |
|
|
|
9-11 сынып |
5 |
1 |
|
|
Әр командада 5 спортшы бар.Бірінші нөмірлер бірінші нөмірлермен ойнайды және т. б. Кездесудің ұзақтығы-15 минут, спортшылар 12 жаттығу жасайды, ал 13 жаттығу-ұпайлар жиынтығы.
5-6 сынып – 100 ұпай
7-8 сынып – 120 ұпай
9-11 сынып – 150 ұпай
А) Топтардағы жеңімпаздарды анықтау
1) жинаған ұпай сомасы бойынша;
2) Егер 2 командада бірдей ұпай саны болса, онда жеке кездесудің нәтижесі бойынша;
3) Егер 3 және одан да көп командалардың ұпай саны бірдей болса, онда кезеңдердің ең жақсы айырмашылығы бойынша;
4) Егер кезеңдердің айырмашылығы бірдей болса, онда бірінші жұптың нәтижесі бойынша.
Б) Жеңген ойындардың жеңімпазын келесі форматта анықтау:
5-0 4-1 3-2 0-5 1-4 2-3
2 2 2 0 0 0
ЖЕҢІЛАТЛЕТИКАЛЫҚ КРОСС (ҰЛДАР, ҚЫЗДАР)
|
Спорт түрі |
Команда құрамы |
||||
|
Жас ерекшеліктері |
Ұлдар |
қыздар |
Төрешілер-өкіл |
|
|
|
Жеңілатлетикалық кросс |
5-6 сынып |
3 |
3 |
2 |
|
|
7-8 сынып |
3 |
3 |
2 |
|
|
|
9-11 сынып |
4 |
4 |
2 |
|
|
Жарыс командалық. Командалар құрамы жалпы ережеге сәйкес спортшылар қатарынан құрылады.
|
Жас топтары |
Қашықтық |
||
|
1 күн |
|||
|
Ұлдар |
Қыздар |
|
|
|
5-6 сынып(ұ., қ.) |
500 м |
500 м |
|
|
7-8 сынып (ұ., қ.) |
1000 м |
1000 м |
|
|
9-11 сынып (ұ., қ.) |
2000 м |
2000 м |
|
Алған орындар уақыттың ең аз сомасы бойынша анықталады, толық емес команда құрамасының нәтижесі толық құрама командалардан кейін жалпыкомандалық есепті шығарған кезінде ескеріледі.