+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
24 Қаң, 13:42

І. Жалпы ережелер

1. Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасын (бұдан әрі-Гимназиада) өткізу туралы ереже 2021-2022 оқу жылының Гимназиада жарыстарының түрлері бойынша Республикалық Регламентпен сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже Гимназиаданың мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

3. Гимназиада келесі мақсаттарда өткізіледі:

- Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  2022 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңын іске асыру;

- дене шынықтыру мен спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау;

 - оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен,соның ішінде жазғы спорт түрлерімен үнемі айналысуға тарту;

- спорт резервін даярлау бойынша балалар спорт мектептері жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру;

- ауқымды халықаралық және республикалық жарыстарға, турнирлар мен чемпионаттарға қатысу үшін команда құрамына талантты спортшыларды іріктеу және дайындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін COVID -19 пандемия кезінде барлық қатысушыларға дезинфекция режимі мен бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау қажет.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және басқа да жағдайларға сәйкес Гимназиаданы өткізу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

 

II. Гимназиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4. Гимназиаданың дайындығы мен өткізілуіне жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  КМҚК (бұдан әрі- ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») жүзеге асырады.

5. Гимназиаданың 1 және 2 кезеңдерін өткізуге басшылық ету және жауапкершілік аудандық және қалалық әкімдіктерге (білім бөлімдері, спорт бөлімдері, мектеп директорлары), білім басқармасына, дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктеледі. Жарыстарды сапалы өткізу мақсатында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жанынан Гимназиада өтетін жерлерде аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдерінен ұйымдастыру комитеттері құрылады.

6. Облыстық жарыстарды өткізу ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен бас төрешілер алқасына жүктеледі.

7. Жарыстарға қатысуға рұқсатты мандаттық комиссия жүзеге асырады.

8. Облыстық жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының құрама командалары қатысады.

9. Гимназиаданың барлық кезеңдеріне қатысуға 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

10. Спорт интернаттарының оқушылары, аудандар мен қалалар спортшыларды облыстық жарыстар өтетін жерге және кері қарай іс сапарға жіберу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу жөніндегі шығыстарды көтеретін жағдайда, оларды жіберген аудандар мен қалалар атынан қатысады.

11. Спортшылардың жарыстарға қатысуы бойынша даулы мәселелерді болдырмау мақсатында аудандар мен қалалар оларды алдын ала өзара келісуі қажет. Ондай жағдай туындағанда, аудандар мен қалалардың өкілдері мандаттық комиссияның отырысына растайтын құжаттарды (жарысқа қатысу туралы бұйрық, интернатқа, колледжге қабылдау туралы бұйрықтар және басқалар) ұсынуы тиіс.

12. Гимназиаданың 2-ші облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдер жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес (1-қосымша) аудандық және қалалық білім бөлімдерімен
ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына мына мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, каб. 302, e-mail: vk_ocfk@mail.ru.

13. Жарыстарға қатысу үшін мандаттық комиссияға мынадай құжаттар ұсынылады:

1) Гимназиадаға қатысуға дәрігер және білім беру саласындағы тиісті атқарушы билік органы растаған өтінім (бірыңғай және әрбір спорт түріне), (3-қосымша);

2) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);

3) оқушының аталған оқу орнында, спорт мектебіне оқитынын растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (4-қосымша);

4) қатысушының сақтандыру полисі;

5) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы.

14. Оқытушы-бапкер жол жүру және жарыс күндері спортшылардың өміріне, қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапты болады.

15. Жарыс барысында қайта өтінім беруге төрешілер алқасы спорт түрлері бойынша жарыс ережелеріне сәйкес командалар құрамындағы жарыстарға мәлімдеген және жіберген қатысушылардың есебінен рұқсат етіледі.

 

III. Гимназиаданың өтетін орны мен мерзімі

16. Гимназиада жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес (1-қосымша) екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең - мектепішілік, аудандық (қаңтар-сәуір);

2 кезең – облыстық (қаңтар-мамыр, Өскемен қаласы).

Гимназиаданың 1 кезеңін (мектепішілік, аудандық) өткізу туралы есептер ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, каб. 302, e-mail: vk_ocfk@mail.ru мекен-жайына жіберіледі (2-қосымша).

17. Гимназиаданың спорт түрлері бойынша облыстық жарыстары халықаралық ережелер бойынша өткізіледі.

18. Спортшылардың аудандар мен қалалар командалары құрамында өнер көрсеткені үшін, сондай-ақ спорт түрлерін қоса атқару үшін қатар сынақ қарастырылмайды.

19. Спорт түрлерінен (спорттық ойындарды қоспағанда) командалық біріншілікті айқындау кезінде екі және одан да көп командаларда ұпайлар тең болған жағдайда, спорттың міндетті түрлерінде бағдарламаның жеке нөмірлерінде бірінші, екінші және т. б. көп орындары бар командаға басымдылық беріледі.

20. Спорттың ойын түрлерінен төрешілер алқасы жеребе тастау арқылы барлық командаларды алдын-ала топтарға бөледі. Алдын-ала топтарда бірінші орын алған командалар бірінші финалдық топты құрайды. Екінші орын алған командалар екінші финалдық кіші топты құрайды.

21. Спорт түрлері бойынша командалық, жеке біріншілікті анықтау үшін ұпайларды есептеу кесте бойынша жүргізіледі (5-қосымша).

22. Команда орындары 1-ден 19-ға дейін жинаған ұпай саны, №1 шкала бойынша анықталады.

23. Екі немесе одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, ұтылған және тең кездесулердің саны бойынша өзара ойындардың нәтижерлері бойынша команда басымдыққа ие болады.

24. Облыстық жарыстарда анықталады:

1)  бағдарламаның әрбір нөмірінде жеке біріншілік кемінде осы түрдегі 4 спортшының қатысқан жағдайында;

2) спорт түрлерінен командалық біріншілік 5 команданың қатысуымен жиналған ұпай жиынтығы бойынша анықталады;

3) Гимназиада қорытындысы бойынша аудандар мен қалалар құрама командаларының жалпыкомандалық орны жиналған ұпайлардың ең аз саны бойынша анықталады.

25. Гимназиаданың спорт түрлері:

- Волейбол (ұлдар);

- Волейбол (қыздар)

- Баскетбол (ұлдар);

- Баскетбол (қыздар);

- Шағын футбол (ұлдар);

- Шағын футбол (қыздар);

- Дзюдо (ұлдар, қыздар);

- Қазақ күресі (ұлдар, қыздар);

- Үстел теннисі (ұлдар, қыздар);

- Тоғызқұмалақ (ұлдар, қыздар);

- Шахмат (ұлдар, қыздар);

- Спорттық бағдарлау (ұлдар, қыздар);

- Асық және Бес Асық (ұлдар, қыздар);

- Президенттік көпсайыс (ұлдар, қыздар).

Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу кестесі 1-қосымшада.

Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу шарттары 6-қосымшада.

 

IV. Марапаттау

26. Жекелеген спорт түрлерінен 1-2-3 орын алған аудандар мен қалалардың құрама командалары кубоктармен және дипломдармен марапатталады.

27. Жекелеген спорт түрлерінен финалдық жарыстарда 1-2-3 орын алған қатысушылар гимназиада медальдарымен, тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

28. Жаттықтырушы-өкілдер, гимназиада төрешілері облыстық ұйымдастыру комитетінің алғыс хаттарымен марапатталады.

 

V. Гимназиаданы қаржыландыру

29. Іс-шараны қаржыландыруды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырады.

30. Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жарыстарды өткізу үшін базаны (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын және т.б.) ұсынуды жүзеге асырады.

31. Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын формасын және допты сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым төлейді.

 

Қосымша 1

 

Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу кестесі

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы, 2021-2022 оқу жылы

Спорт түрі

Команда құрамы

Өткізу мерзімі

Облыстық кезеңге өтінім беру мерзімі

 

Облыстық кезеңнің өткізу орны

 

Ұлдар

Қыздар

Өкілдер

Үстел теннисі

3

3

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 15.01.2022 ж. дейін;

2кезең(облыстық) – қаңтар-наурыз.

17 қаңтарға дейін

Өскемен қаласы

Шахмат

4

2

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 15.01.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – қаңтар-наурыз.

 17 қаңтарға дейін

Өскемен қаласы

Волейбол

12

12

4

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 29.01.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – ақпан-наурыз.

31 қаңтарға дейін

Өскемен қаласы

Баскетбол

12

12

4

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 29.01.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) –ақпан-наурыз.

31 қаңтарға дейін

Өскемен қаласы

Шағын футбол

12

12

4

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 29.01.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – ақпан-наурыз.

31 қаңтарға дейін

Өскемен қаласы

Дзюдо

8

8

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 12.02.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – ақпан-наурыз.

14 ақпанға дейін

Өскемен қаласы

Қазақ күресі

9

6

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 19.02.2022 ж. дейін;

2 кезең(аудандық) – ақпан-наурыз.

21 ақпанға дейін

Өскемен қаласы

Тоғызқұмалақ

3

3

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 19.02.2022 ж. дейін;

2 кезең(аудандық) – ақпан-наурыз.

21 ақпанға дейін

Өскемен қаласы

Асық и Бес асық

3

3

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 19.02.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – ақпан-наурыз.

21 ақпанға дейін

Өскемен қаласы

Спорттық бағдарлау

8

8

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) –  09.04.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – сәуір-мамыр.

11 сәуірге дейін

Өскемен қаласы

Президенттік көпсайыс

4

4

2

1 кезең (мектепішілік, аудандық) – 09.04.2022 ж. дейін;

2 кезең(облыстық) – сәуір-мамыр.

11 сәуірге дейін

Өскемен қаласы

 

 

Қосымша 2

1 кезеңді өткізу туралы есеп (мектепішілік, аудандық)

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы, 2021-2022 оқу жылы

 

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының І кезеңін өткізу туралы ақпарат

_______________________________________________ аудан/қала

 

Мектеп атауы

Оқушылардың жалпы саны

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасынақатысушы жалпы оқушылардың саны

%

Мектеп директорының аты-жөні, тегі

Жарысты өткізген дене шынықтыру мұғалімінің аты-жөні, тегі

 

Үздік ойыншылардың аты-жөні, тегі

 

ұлдар

 

қыздар

 

Үстел теннисі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шахмат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, әр спорт түрі бойынша 10 дана фотосурет жіберу керек

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының

финалдық жарыстарына қатысуға, 2021-2022 оқу жылы

ӨТІНІМ

 

 

_______________________________________ (аудан/қала)

Спорт түрі________________________________

 

р/с

Спортшының ТАӘ

Туған жылы

Атағы, разряды

Бағдарлама

Бапкердің ТАӘ

Оқуорнының мекенжайы

 

Әлеуметтік жағдайы (Аз қамтылған / көпбалалы/ т.б.)

БЖСМ тиесілігі

(ОРМБЖМ)

Дәрігеррұқсаты

(қолы, мөрі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 М.О.                                                                                             

 

Жіберілген спортшылар____________________ 

 

Дәрігер_______________________(қолы) 

 

Білім бөлімінің басшысы_________________________(қолы)

                                                                                                                                                                                  «____»____________________2022ж

 

 

Қосымша4

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасына қатысушының

ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ

 

 

Спорт түрі    __________________________

        (мектеп мөрі фотоның бұрышына қойылады)

Мектептің М.О.

 

Т.А.Ә. ______________________________________________________

Туған жылы_________________________________________________

Спорттық разряды___________________________________________

Оқу орны_________________________________________________

Мектеп директоры_____________________________________________

                                                      (Т.А.Ә., қолы)

     БЖСМ директоры____________________________________________________

     ОРМБЖМ директоры____________________________________________

                                                 (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 5

Спорт түрлері бойынша командалық біріншіліктің жеңімпаздарын анықтауға арналған ұпайларды есептеу кестесі

Алған орны

Спорттық ойындар

 Командалық және топтық жарыстар, эстафеталар

Жеке орындар

 

Шкала №1

Шкала № 2

Шкала № 3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

 

54

45

37

30

27

25

23

21

18

16

13

12

10

9

7

6

4

3

1

 

36

33

30

28

25

22

20

19

18

17

16

15

14

13

12

11

10

9

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 6

 

Спорт түрлері бойынша жарыстардыөткізу шарттары

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы, 2021-2022 оқу жылы

(2004 ж.т. және кіші)

 

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

ШАХМАТ

ВОЛЕЙБОЛ

БАСКЕТБОЛ

ШАҒЫН ФУТБОЛ

ДЗЮДО

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

АСЫҚ И БЕС АСЫҚ

СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ

ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС