2022 жылғы 3-8 қаңтар аралығында Таулы Үлбі кентіндегі «Дарын» орталығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары үшін «Zima party» қысқы демалысы өткізілді.
Қысқы демалыс бағдарламасы ҚР БҒМ «Қазақстан балалары – қысқы ертегі» балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарға сәйкес орындалды. Қысқы демалыс бағдарламасына кіретін барлық іс-шаралар балаларды шығармашылық және зияткерлік тұрғыдан дамытуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Күн сайын балалар үшін қызықты оқиғаларға толы болды. Балалар шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысып қана қоймай, концерттердің, конкурстар мен ойын-сауық бағдарламаларының ұйымдастырушылары болды. Оқушылар «Аяз Ата шеберханасы», «Интеллектум», «Бисер тоқу», «Дойбы шахмат» және «Art студия» студияларында өздерінің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
Қысқы ауысымның соңында гала-концерт ұйымдастырылды, онда балалар би билеп, ән айтып, өлең оқып өз шығармашылықтарын көрсетті. Кешкі іс-шарадан кейін Аяз Ата мен Ақшақар балаларды Жаңа жылдық мерекелерімен құттықтап, оларға тәтті сыйлықтарын табыс етті.
Қысқы демалыстың барлық қатысушыларын сиқырлы атмосфера, ертегі табиғаты және нағыз жаңа жылдық ауа-райы мен ақ үрпек қармен үлесін тапты. Қуаныш, шаттық, тамаша көңіл-күй мен ұмытылмас әсермен балалар үйлеріне оралды.
Сонымен қатар, балаларға арналған @shko_online_kanikuly instagram парақшасында онлайн демалыс ұйымдастырылды. Бағдарламаға күнделікті интерактивті үйірме сабақтары, әр түрлі шеберхана сабақтары, шығармашылық конкурстар, кітап оқу, виртуалды клубта фильмдер көру және т.б. көрсетілді.
Облыс оқушыларының көпшілігі online және offline ауысымының қатысушылары бола отырып, қысқы демалысты пайдалы өткізді.


