+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық зияткерлік «Балапан» турнирін өткізу ЕРЕЖЕСІ
23 Жел, 14:01

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Балапан» облыстық зияткерлік турнирінің (бұдан әрі – Турнир) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтуды, жеңімпаздар мен жүлдегелерді іріктеуді анықтайды.

2. Турнир ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) болып табылады.

 

2. Турнирдің мақсаты мен міндеттері

 

Турнирдің негізгі мақсаты мектепке дейінгі, мектепалды  және кіші мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Негізгі міндеттері:

1..Мектепке дейінгі, мектепалды және кіші жастағы мектеп оқушыларының дарындылығын анықтап, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау жұмыстарының формалары мен әдістерін жетілдіру.

2..Мектепке дейінгі, мектепалды  және кіші  жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік іс-әрекетін белсендіру, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу.

3..Зияткерлік-шығармашылық ойлау қабілеттері мен шығармашылық, іздестіру, зерттеу және стратегиялық сипаттағы есептерді шығару икемділіктерін дамыту.

 

3. Турнирге басшылық жасау және әдістемелік қамтамасыз ету

 

1. Турнирді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2. Ұйымдастыру комитеті:

-.Турнирге дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- өтінімдер мен турнирге қатысу үшін қажетті материалдарды қабылдайды;

- Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;

- Турнирдің қорытындысына талдау жасап, қорытындылайды;

- Турнирдің Ережесіне сәйкес басқа да қызметтерді атқарады.

 

 

4. Турнирдің  қатысушылары

 

       1. Турнир мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ұйымдарының 4-5 және  6-7 жастағы тәрбиеленушілері үшін өткізіледі.

       2. Турнирге алдын ала іріктеусіз мектепке дейінгі жастағы (4-5 жас), қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепалды топтардың, балабақшалардың, шағын орталықтар мен жалпы білім беретін мектептердің барлық ниет білдірген тәрбиеленушілері қатыса алады.

       3. Турнирге қатысу ерікті болып табылады, тәрбиеленушілерді турнирге қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады.

 

5. Турнирді өткізу тәртібі

1. 2022 жылдың 20-31 қаңтары аралығында турнир өткізіледі.

2.Турнирге қатысу үшін 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін қалалық/аудандық білім бөлімдерінің, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің үйлестірушілері турнир тапсырмаларының жинағын сатып алуға төмендегі нысан бойынша (1-қосымша) Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21; тел /: 8/7232/ 700-244 е-mail:  vk_daryn@mail.ru. мекен-жайы бойынша өтінім ұсынуы қажет. Турнирге қатысу үшін 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін балабақша меңгерушісі/жалпы білім беретін мектеп директоры растаған өтінімді келесі    мекен-жайға: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 8 (7232) 70-02-44 телефоны, е-mail: vk_daryn@mail.ru жіберу қажет.

3.Тапсырмалар жинағының құны – демеушілер, әлеуметтік серіктестер, меценаттар, білім мекемелерінің есебінен 500 теңгені құрайды. Төлемді "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (ШҚ ҒМО "Дарын"), Каспий Банкі (ШҚО "Дарын"), "Банк ЦентрКредит" АҚ (ШҚ РҒПО "Дарын") қосымшалары мен терминалдары арқылы жүргізуге болады.

4.Турнир өткізілгеннен кейін қатысушылардың конкурстық жұмыстарын тапсыру кезінде үйлестірушілер тиісті нысан бойынша қатысушылардың тізімін қағаз және электрондық EXCEL форматында ұсынуы қажет. (2-қосымша)

5.Турнирді өткізуге арналған тапсырмалар жинақтары мен нұсқаулықтар берілген өтінімге сәйкес білім беру ұйымдарына беріледі. Тапсырмалар жинағы турнир үйлестірушісіне 2022 жылдың 19 қаңтарында сағат 14.00-ден Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекен-жайы бойынша беріледі (жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма. 9.00-18.00, сенбі, ЖС.: демалыс, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00).

6.Тапсырмалар жинағын үйлестіруші турнир өткізілетін күні оның басталуына дейін ашады..

7.Әр бала жинақта барлық тапсырмаларды орындайды, тәрбиеші немесе мұғалім қатысушылардың орындалған тапсырмалары бойынша жауап формаларын толтырады. Тапсырмаларды орындауға 40 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Турнирдің тапсырмаларын үйде орындауға болады.

8..Турнир ережелерін түсіндіру үшін он бес минут беріледі. Содан кейін балалар турнирге қатысушының бастапқы деректерін толтырады, бұл деректерді тәрбиешімен (мұғаліммен) алдын ала толтыруға рұқсат етіледі. Уақыт аяқталғаннан кейін жауап нысандары жиналады, тапсырмалар жинағы қатысушыларда қалады.

9. Турнирдің жауап бланкілерін тапсырмалар келіп түскен арнайы конвертке салынып, Ұйымдастыру комитетіне жолданады.                        

      10. Үйлестіруші конкурстық ақпараттың құпиялылығына және турнир қатысушыларының тапсырмаларды орындау дербестігіне  жауапты болады.

 

6. Марапаттау

 

Турнирдіңқорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге – грамоталар табысталады.

 

1 Қосымша

 

 

Аудан/

Қала

Мектеп/

мектепке дейінгі мекеме

Турнир үйлестірушісінің Толық аты-жөні, байл. тел.

Оқыту тілдері бойынша тәрбиеленушілер мен оқушылар саны

Барлығы

4-5 жас

6-7 жас

қ

о

 

 

 

 

қ

о

қ

о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қосымша

Қатысушының толық аты-жөні

Жасы

Оқыту тілі

Мектеп/

мектепке дейінгі мекеме

Аудан/

Қала

Дайындаған тәрбиешінің, Мұғалімнің аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7