+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы
14 Жел, 19:20

2021 жылдың 13 желтоқсанында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті.

Олимпиада төрт кезеңде оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру аясында ертерек профильдеу, ынтасы жоғары оқушыларды, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары мотивацияланған оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Қорытынды кезеңге облыстық кезең жеңімпаздары қатысты. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:

1) Тоқтарғазы Алихан – Семей қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының 5 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

2) Лебедева Полина – Өскемен қаласы, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (жаратылыстану) марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен:

  1.  Осокина Илона – Өскемен қаласы, №11 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

  2. Ерсайн Амина – Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

  3. Леоненко Иван – Өскемен қаласы, Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (жаратылыстану) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

  1. Селинкин Александр – Семей қаласы, Экономикалық лицейінің 6 сынып оқушысы (орыс тілінде оқитын сыныптағы қазақ тілі);

  2. Серикжанов Ералы – Алтай ауданы, Алтай қаласының №9 орта мектебінің 6 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

  3. Джексенев Закир – Өскемен қаласы, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (математика);

  4. Ахметжан Асанәлі – Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (математика) марапатталды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Рспубликалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен:

  1. Абылкасимов Ануар – Семей қаласы, А.Бөкейхан атындағы №39 орта мектебінің 6 сынып оқушысы (математика);

  2. Құнанбаев Әкежан – Аягөз ауданы, №5 орта мектебінің 6 сынып оқушысы (жаратылыстану);

  3. Гайкалова Юлия – Риддер қаласы, Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебінің 5 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды .

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!