2021 жылғы 7-10 желтоқсанда жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәнін танымал ету және беделін арттыру, оқушыларға қазіргі өмірде қажет теориялық білім мен тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру мақсатында облыстық «СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары, дезинфекция режимі сақтала отырып, Zoom қосымшасы арқылы онлайн форматта өтті.
Жарысқа мектепішілік және аудандық жарыстың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Қатысушылар саны - облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 120 оқушысы.
Облыстық «Спортландия» жарысы екі топ арасында өткізілді:
1 топ: 5-6 сынып (3 ұл, 2 қыз – бір мектептен);
2 топ: 7-8 сынып (3 ұл, 2 қыз – бір мектептен).
Жарыс бағдарламасы келесідей болды: белтемірге тартылу (ұлдар); кеудеде жатып денені көтеру (қыздар); екпін отыру, екпін жату (ұлдар, қыздар); қол алда классикалық отырып-тұру (қыздар); классикалық қолды бүгу және жазу (ұлдар); баскетбол добын кеудеден себетке лақтыру (ұлдар, қыздар).
Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 23, ІІ дәрежелі дипломмен - 37, ІІІ дәрежелі дипломмен - 58 қатысушы марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
5-6 сынып:
1 орын– Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ;
2 орын– Бесқарағай ауданы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ;
3 орын– Бородулиха ауданы, «Жезкент орта мектебі» КММ.
7-8 сынып:
1 орын– Жарма ауданы, «Маяковский атындағы орта мектебі»КММ;
2 орын– Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты»КММ;
3 орын – Аягөз ауданы,«№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!