2021 жылғы 11-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында информатика пәнінен XІІІ Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 53 команда қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан ШҚО білім басқармасының Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім - инновация» лицейінің 10-11 сыныптарының 4 оқушысы бар құрама командасы қатысты. Біздің оқушылар беделді сайыста білімдерін жақсы көрсетіп, бір күміс және үш қола медальмен марапатталды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Оралханов Дінмұхамед марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальдармен Мұхаметкәрім Қаныш, Қуанышев Санжар, Айтқазы Бексұлтан марапатталды.
Қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, болашақта жетістіктер тілейміз және жылдан жылға бізді жоғары нәтижелермен қуанта береді деп үміттенеміз!