Бүгін, 10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының кеңсесінде «Туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты республикалық балалар мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.Тлепов, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы А.Есенбаев және жеңімпаздар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының командасы республикалық кезең жеңімпазы ретінде марапаттау салтанатына шақырту алды.
Жеңімпаздар арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар командасын жеңісімен құттықтаймыз