+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
5-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының қорытындысы
10 Жел, 12:15

2021 жылдың 7-9 желтоқсаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық экологиялық «ProEco» жобалар байқауына Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушыларының командасы  қатысты. Жобалар байқауына    5-8 сынып оқушылары – облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

      Іс-шараның негізгі мақсаты - экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға бейімдеу, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті ынталандыру.

        Республикалық жобалар байқауының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасынан 3 оқушы 1 және 2 дәрежелі диплом иегерлері атанды.

        I дәрежелі дипломмен «Үздік экологиялық бастама» бағытында:

 1) Аягөз ауданы №1 орта мектебінің 6- сынып оқушысы Дәулетқызы Нурилла;

 2) Аягөз ауданы №1 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Еркінқызы Толғанай ;

      II дәрежелі дипломмен «Таза қала сізден басталады» бағытында Семей қаласының, Дарынды балаларға арналған  Ш. Уәлиханов атындағы “Жас ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 6 сынып оқушысы Хаменов Тамир марапатталды.

 

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін грамотасы Аягөз ауданы №6 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Тұяқов Ерасылға табысталды.

 

 

Конкурстың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!