+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында «Алау» облыстық әскери - спорттық ойынын онлайн – форматта өткізу БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
10 Жел, 10:11

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында  онлайн – форматта  «Алау» облыстық әскери - спорттық ойыны  өткізіледі.

Әскери-спорттық ойынның мақсаты-өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, «Жас Сарбаз» сынып оқушыларының дене шынықтыру, әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру.

Жарыстың әр тапсырмасының орындалуы Coogle қосымшасында Coogle Meet платформасында нақты уақыт режимінде өткізіледі.

Әскери-спорттық ойынға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің «Жас Сарбаз» 5-7 сынып оқушылары, денсаулық жағдайы бойынша жарамды әскери-спорттық ойынның іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз командалары қатысады.

Облыстық  ойынның бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:

1 кезең - белтемірге тартылу;

2 кезең - арқада жатып денені көтеру;

3 кезең - толық емес бөлшектегеннен кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру;

4 кезең - газтұтқыш кию;

5 кезең – берпи.

Облыстық ойынның қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлдегерлерды анықтайды.

Жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Облыстық ойынның қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе
8 (7232)70-15-16 телефоны бойынша хабарласуға болады.