2021 жылдың 7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру аясында ертерек профильдеу, ынтасы жоғары оқушыларды, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары мотивацияланған оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Неғұрлым айқындықты қамтамасыз ету үшін Олимпиада өткен орында бақылаушы ретінде «Adaldyq alany» республикалық жоба кеңсесінің өңірлік филиал өкілі қатысты.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздарынан - облыстың 300-ден астам оқушысы қатысты. Жас білгірлер математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады.
5 сыныптар арасындағы олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің саны 79 оқушы болды (І орын - 9, ІІ орын - 34, ІІІ орын - 36), ал 6 сыныптар арасында 86 қатысушы (І орын - 12, ІІ орын - 39, ІІІ орын - 35) жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Табыс пен жеңістер тілейміз!