Химия – қазіргі заман өркениетінің ғылымы мен экономикасының маңызды саласы. Қазақстан үшін бұл жаратылыстанудың жай орталық ғылымы ғана емес, сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің келешек әл-ауқатының дамуының негізі.
2021 жылғы 30 қарашада онлайн режимінде Қ.Сәтбаев атындағыхимия пәнінен V Республикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиада дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.
Химиядан олимпиаданың қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім - инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Қасымұлы Теміржан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңісіңізбен құттықтап, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
