+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқуларының қорытындысы
03 Жел, 18:17

 2021 жылдың 3 желтоқсанында ШҚО 5 оқушысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру аясында өткізілген 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауына қатысты.

Оған  5-7 сынып оқушылары - конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Облысымыздың намысын республикалық кезеңде:

1. Альтмаэр Илья – Алтай ауданы Тұрғусын орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

2.Тоқанова Жанель – Аягөз ауданы №5 орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

3. Сайлаубаева Балым-Аягөз ауданы Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің
6 сынып оқушысы;

4. Қайырбек Ернұр –Зайсан ауданы Шілікті орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

5. Райымбекова Елдана – Катонқарағай ауданы Солоновка орта мектебінің 7 сынып оқушысы қорғады.

  Қорытынды Республикалық кезеңде ШҚО командасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарымен бақ сынасты.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша ШҚО оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды.

 

 

 

 

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!