+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
10-11 жастағы балалардың "4К" бойынша қабілеттерін диагностикалау қорытындысы
03 Жел, 17:54

Тұңғыш Президент Қорының "Ел Үміті" бастамасы аясында Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың қазан айынан бастап "Qabilet" қызметі іске қосылды. Жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іске асырылады.

Жобаның негізгі міндеті әр отбасына баланың қабілет деңгейін бағалауға және ата-аналарға да, балаларға да, оның таланттарын одан әрі оқыту және дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру. Бүгінгі күні qabilet.elbasyacademy.kz сайтында 10 000-нан астам тіркелген бала есептелді және  біздің облыстан  8000-ға жуық бала тестілеуден өтті. Онлайн тестілеудің бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін 70-тен астам балл жинаған 10-11 жастағы оқушылар тестілеудің екінші кезеңіне жіберілді.

        02.12.2021 жылы екінші қадамды тестілеу өткізілді. Тестілеуден өткен әрбір бала "Qabilet" қызметінің психологынан өз қабілеттерін анықтау бойынша жеке ұсыныс пен кеңес алды.

Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушы XXI ғасырдың негізгі құзыреттіліктері-4К бойынша қабілеттілік нәтижелеріне талдау алды, бұл сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және коллаборацияны өлшеу. Соңында, екінші кезеңге өткен оқушылар кеңес алып, жеке ұсыныстар алды.

 

Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!