Биыл еліміз үшін айтулы оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Қазақстандықтар 30 жыл бойы Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған қуатты, серпінді, заманауи мемлекет құру жолында бірлесе еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың облыстық конкурсын өткізу игі дәстүрге айналды.
2021 жылғы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының 250-ден астам көшбасшылары мен белсенділері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конкурсқа қатысты.
Тәуелсіздік күні – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің көрсеткіші. Әр команда Қазақстан тарихынан сынға түсті, сонымен катар шағын қойылымда қазақ жерінің тәуелсіздігі, қауіпсіздігі мен бірлігі үшін ғасырлар бойғы күресі туралы қойылым ұсынды. Билер мен батырлардың көркем бейнелері арқылы атақты тарихи тұлғалар ұрпақтары азат, тату-тәтті өмір сүрсе деп армандағанын айтып берді.
Қатысушыларды жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, атқарушы билік өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қоғам қайраткерлерінен құралған білікті қазылар алқасы бағалады. Олардың пікірінше, барлық командалар жарысқа жоғары дайындықтарымен ерекшеленді.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында өтіп, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы топтық сайыста жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Конкурс қорытындысы бойынша Бас Жүлде Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасына берілді.
І орын:
- Алтай ауданының командасына;
- Күршім ауданының командасына;
ІІ орын:
- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатына,
- Аягөз ауданының командасына;
- Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты командасына,
ІІІ орын:
- Жарма ауданы командасына;
- Зайсан ауданының командасына;
- Өскемен қаласының командасына;
- Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының командасына;
- Риддер қаласының командасына;
- Семей қаласының командасына берілді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Келешекте көшбасшылық қасиеттерін, патриоттық рухты, өз
Отанын дәріптеуді дамытуда табыс тілейміз!