VII республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды. Жиын әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын әзірлеу, өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Республикалық «Жас Ұлан» мектептері, Қорғаныс министрлігі С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжі, Қарулы Күштердің әскери-патриоттық клубтары және басқа да әскерлер мен әскери құрамаларының 74 командасы арасында екі ай бойы сайыс жалғасты.
Республикалық «Жас ұлан» мектептері мен С. Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі арасында «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейінің командасы лайықты нәтиже көрсетіп 2 – жалпы командалық орынға ие болды.
Номинациялар бойынша жүлделі орындар:
-Нұрбек Сериков - «Смарт Сарбаз» робототехника бойынша өнертапқыштық байқауы бойынша – 1орын;
- Жандос Базаркат және Бекнұр Сәрсембеков - «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету байқауы бойынша – 1 орын;
- «Мейірімділік біріктіреді» челлендж байқауы бойынша – 1 орын лицей құрамы командасы;
- Ардажан Ғазиз - «Жас тілші» жас журналистер байқауы бойынша – 2 орын;
- АК-74 -ті толық бөлшектеу және құрастыру – лицейдің құрама командасы – 2 орын;
-Жандос Базаркат - «Айбын дарыны» интеллектуалдық байқауы бойынша – 3 орын;
- биік сырықтан тартылу жарысында – 3 орын лицейдің құрама командасы;
- Нұрбол Қайырбеков - жеке сынақта АК-74 –ті толық бөлшектеу және құрастыру бойынша 1 орын, Бекнұр Сарсембеков-3–орын.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шығыс Қазақстан командасының әрбір қатысушысына сыйлыққа смарт-сағат берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Балаларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!