ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиада өткізілді.
Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан іріктеу кезеңінің 182 жеңімпазы қатысты.
Қатысушыларға арнап Теміртау қаласындағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына және «Қысқы баққа» экскурсия ұйымдастырылды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы келесі нәтиже көрсетті:
- І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Гуськов Леонид - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы марапатталды.
- ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Айдынқызы Ботагөз - Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының
11-сынып оқушысы марапатталды.
- «Жеңіске деген құштарлық үшін» дипломдарымен Исмагулова Александра және Тайлакбаев Темірлан - Семей қаласының Экономикалық лицейінің 11-сынып оқушылары марапатталды.
Қ.Сәтбаев атындағы универститеттің және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 100% грант сертификаттарына және ҚБТУ-да оқу ақысына 30% жеңілдік сертификатына Гуськов Леонид ие болды.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттерінің мемлекеттік грант сертификаттарын Айдынқызы Ботагөз иеленді.
Тайлақбаев Темірлан, Исмагулова Александра, Қабылжапаров Әлинұр да С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің грантына ие болды.
Олимпиадаға қатысушылардың барлығына С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде тегін оқуға сертификаттар берілді.
Барлық қатысушыларға ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО сертификаттары табысталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!



