+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
5-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
17 Қар, 15:34

2021 жылдың 12 қарашасында 5-8 сынып оқушылары арасында республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.

Конкурстың мақсаты - мектеп оқушылары арасында оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді:

1-бағыт - «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;

3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».

Конкурсқа 52 оқушы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 20 қатысушы жүлдегер атанды  (I орын - 4, II орын - 6 , III орын - 10 оқушы).

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

https://disk.yandex.kz/d/3fLLBjWuldBbCQ

Жеңімпаздар тізімі https://shygysdaryn.kz/сайтында орналасқан.

 

Конкурстың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!