+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша Шығыс Қазақстан облысының қашықтық чемпионатының қорытындысы
17 Қар, 12:50

2021 жылғы 8-12 қарашада «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін балалар мен жасөспірімдер спорттық туризмін дамыту және ілгерілету мақсатында туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша «Туған жердің кереметі» атты Шығыс Қазақстан облысының қашықтық чемпионаты өтті. Жоба «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы және «Өз жеріңді таны» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Чемпионатқа «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша қашықтық чемпионаттың іріктеу кезеңінің жеңімпаз командалары қатысты. Қатысушылар саны - облыстың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің 153 оқушысы.

Спорттық біліктілік және қатысушылардың жасы:

- Юниорлар сыныбы – 16-20 жас;

- Ұлдар сыныбы – 14-15 жас;

- Жасөспірімдер сыныбы – 12-13 жас.

Чемпионат келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • Челлендж «Біз саяхатқа барамыз»
  • «Менің туристік отбасым» фотоколлажы
  • «Туристік фольклор»
  • «Үздік аналитикалық эссе»
  • «Өзен арқылы аспалы өткелді орнату техникасы»
  • Аспаздық конкурс «Туристің таңғы асы»

Чемпионат қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 39, ІІ дәрежелі дипломмен - 41 , ІІІ дәрежелі дипломмен - 65 қатысушы марапатталды. (Қосымша №1). Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Юниорлар сыныбы – 16-20 жас:

1 орын– «Глобус» командасы, Ғылыми-тәжірибелік білім беру және туризм орталығы, Семей қаласы;

1 орын  - «АнТарес» командасы, Жас техниктер станциясы,
Өскемен қаласы;

2 орын– «Орион» командасы, «Орион» атты  скауттық жастар қозғалысы және экстремалдық спорт түрлерінің даму орталығы,
Семей қаласы;

2 орын– «Барсы» командасы, Өскемен көпсалалы технология колледжі, Өскемен қаласы;

3 орын– «Геолог» командасы, Геологиялық барлау колледжі, Семей қаласы;

3 орын– «Шемонаиха колледжі» командасы, Шемонаиха колледжі, Шемонаиха ауданы;

3 орын– «Дельта» командасы, Жезкент к. МЛ, Бородулиха ауданы;

3 орын– «Үржар колледжі» командасы, Үржар колледжі, Үржар ауданы;

3 орын– «Толағай» командасы, Оқушылар шығармашылық сарайы, Көкпекті ауданы.

Ұлдар сыныбы – 14-15 жас:

1 орын– «Арлан» командасы, Жас техниктер станциясы, Аягөз ауданы;

2 орын– «Марқакөл-2» командасы, №1 Марқакөл  орта мектебі, Күршім ауданы.

Жасөспірімдер сыныбы – 12-13 жас:

1 орын– «Меридиан» командасы, №5 орта мектебі, Риддер қаласы;

2 орын– «Самғау» командасы, №16 Т. Аманов атындағы  ЖОББМ, Семей қаласы;

3 орын– «Аргут» командасы, № 3 орта мектебі, Курчатов қаласы.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!