+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша Олимпиадалық лагерьдің қорытындысы
16 Қар, 14:44

Дарынды балалардың қабілеттерін қолдау және дамыту мақсатында 2021 жылдың 7-15 қарашасы аралығында «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» орталығының базасында олимпиадалық резер мүшелеріне жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Олимпиадалық лагерь өткізілді.

Сабақтарды өткізуге Нұрсұлтан қаласының «Edlight Academy» академиялық шеберлік орталығының өткен жылдарда халықаралық, республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған республиканың үздік жаттықтырушылары  шақырылды.

Олимпиадалық лагерьдің бағдарламасы тек қана пәндерді тереңдетіп оқытудан ғана емес, оқушыларға өтілген тақырыптар бойынша емтихандардан тұрды. Олимпиадалық лагерьдің қорытындысы бойынша жаттықтырушылар оқушылар арасында рейтинг жасады.

Жаттықтырушылар оқушыларға республикалық пәндік олимпиадаларға дайындық бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.