+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
12 Қар, 19:55

2021 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың облыстың кезеңіне жалпы білім беретін мекемелерінен 8-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 53 оқушы қатысты.

Балалар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.

Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 27 жүлдегер анықталды, олардың (1 орын -4 , 2 орын -9, 3 орын - 14).

Олимпиаданың жүлдегерлерінің тізімі қоса беріледі.

https://disk.yandex.kz/d/GFlLWiFsSY-amg

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!