+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы
10 Қар, 14:59

2021 жылдың 08 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2020-2025 оқу жылдарға арналған Оқу сауаттылығын дамытудың кешенді жоспары негізінде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.   

Байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру.

Конкурсқа 78 жас оқырман - аудандық, қалалық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.            

Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынған кітаптар тізіміне енгізілген авторлардың кітаптарының мазмұны бойынша өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша 39 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын-5 оқушы, II орын-12 оқушы, III орын-22 оқушы).

https://disk.yandex.kz/d/rozPrs2yiXmaFA

Конкурс жүлдегерлерінің тізімі қоса беріледі.

 

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдергерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!