2021 жылдың 4-5 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өткізілді.
Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Облыстың барлық аймақтарынан келген 400-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 9 секция бойынша конкурсқа қатысты.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер өздерінің жұмыстарын филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология саласында ұсынды.
Конкурс қорытындысы бойынша 246 оқушы (187 жоба) жүлделі орындарды иеленді.
I орын - 30 жоба, II орын – 64 жоба, ІІІ орын – 93 жоба.
Жеңімпаздардың үздік жұмыстары конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылады.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!